Ақбота Сейтмағанбет жақында тұрмыс құрмақ

    2 фото

    КЕШЬЮ тобының экс-солисті Ақбота Сейтмағанбет жеке өміріндегі шудың басылмағанына қарамастан ақ көйлек киіп тұрмысқа шықпақ.

    Үйлену той күздің басында өтпек. Тойды атқарып біткеннен кейін жастар бал айына аттануды жоспарлап отыр. Ерлі-зайыптылар болашақ тойдың егжей-тегжейін жариялауды жоспарламайды. Ақботаның айтуынша үйлену тойына тек жақын туыстар шақырылған.

    Нағыз келін ретінде Ақбота енесінің батасын алды. Болашақ күйеуінің айтуынша, оның анасының мінезі жақсылардың қатарында емес және келініне қызындай қарай алмайтынын айтты. Жас актрисаның болашақ енесі некелеріне келісімін бірден бермеген. Бұл тек Ақботаға қатысты емес. Болашақ енесі ұлы алып келген ешбір қызды келіндікке жарытпапты. Ең танымал топтың экс-солисткасы олардан ерекшеленді.

    Осы қазаннан бастап Ақбота жаңа өмірдің табалдырығын аттайды. Келіннің рөлін жас актриса «Тақиясыз періште» атты жаңа телехикаяда ойнамақ. Сценарий бойынша Ақбота Q-елi скетчіндегі танымал бойдақ Тайлаққа тұрмысқа шығады. Телехикаяның премьерасы осы күздің қазан айында «Жетінші арнада» экранға жол тартпақ.

    150A9497

    «Скетчком Q-елi «Жетінші арнаның» танымал жобаларының бірі болып есептеледі. Жобаның Инстаграмщица Айнура, Жол перілері, Павлодарлық отбасы, Жас жұбайлар атты скетчтері әлеуметтік желілерде үлкен танымалдылыққа ие. Халық біздің скетчтарымызды түрлі мессенджерлер арқылы бір-біріне жіберіп жатқанын көреміз», – дейді жобаның продюсері Мақсат Мамраимов.

    Жобаның танымалдылығы жайлы көрсетілім сандарынан-ақ байқауға болады. «Жетінші арнаның» ресми youtube каналында Q-елiнің көрсетілім саны 150 миллионнан асады.

    «Жанар Айжанова мен оның ұлы Тайлақтың қатысуымен түсірілетін скетчтің танымалдылығын ескере отырып, олар жайлы бөлек сериал түсіру керек деген шешім қабылданды», – деп жалғастырды Мақсат. «Әр бөлімде Тайлақ таныстырған бірде-бір қыз анасына жақпайды. Осыдан Тайлақ кімге бұйырар деген сұрақ туады. Осы сұраққа жауап беруге бел будық. Тайлақты үйлендіріп, тойдан кейінгі өмірді, енесі мен келіннің арасындағы байланысты көрсетпекпіз. Менің ойымша телехикая көпшіліктің көңілінен шығады, себебі ене мен келіннің қарым қатынасы әрдайым өзекті мәселелердің бірі болып қалмақ».

    Шығармашылық продюсерлер Қуат Садықов және Дархан Ақылбекұлы.