Қазақстанға аты танымал актер Ерлан Қасымжанұлы өзінің ауыл әкімдігіндегі жұмысы жайлы: «Билік баурап алады. Кез-келген мәселені шешу үшін бар болғаны «ксивасын» сілтей салады».

    фото 1 бастык

    «Жетінші арна» эфирінде көрермен көзайымына айналған «Бастық боламын»  комедиялық сериалының екінші жаңа маусымы 11 желтоқсан күні жарық көрді. Сериалдың болмысы Арман есімді жас жігіт жайлы. Жас жігіттің мемлекеттік құрылымда мансап құруы, қаладан ауылға көшуі  жайында өрбиді. Әрі продюсер, әрі қоюшы-режиссер, сценарий және идея авторы, актер болып табылатын Ерлан Қасымжанұлы «Бастық боламын» проектісінің туындауы, түсірілім барысындағы қызығы мен шыжығы жайлы және өзге де қызықты деректермен бөлісті.

    Проекттің негізгі ойы жайлы айтып өтсеңіз? Жалпы проект туралы идея қалай туындады?  

    3 жыл бұрын мен Нұртас Адамбаевтың «Келинка Сабина» атты проектісінде жұмыс істедім, сол кезде толықтай ауылдағы түсірілімнің ләззатын сезіндім. Әлі күнге дейін еліміздің көп бөлігі ауыл-аймақтық жерлерде өмір сүріп келе жатыр, сол себепті ауылдық өмір бізге жақсы таныс. Сол сәттен бастап әзіл-сықақ рөлдерді сомдаған, халыққа танымал сатира жанрындағы әртістерінің қатысуымен проект жасау және сол арқылы қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін көрсету менің ойыма бірден келді. Бастапқыда 20 минуттық скетчком түсіру ойымда болған, алайда «Жетінші арнамен» талқылау барысында, толықтай 40 минуттық комедиялық серия түсіру жөнінде ұсыныс келді. Бұл ұсыныс қызықты болды. Бірнеше күн ойланып-толғанып, түнгі сағат 3 шабытым оянып, басыма бірнеше ойлар келе бастады, сол ойларды бірден қағаз бетіне түсірдім. Әдетте ойшылдар мен ұлы адамдарға жақсы ойлар түнде келетіні мәлім. «Жетінші арнамен» ойымды бөлістіп, олар бірден ұнатты. Маусымның бірінші сериалы «Жетінші арнаның» эфирінде бір жыл бұрын желтоқсан айында басталса да, халық назарын бірден өзіне аударды. Бірінші маусым қыркүйектен қараша айларына дейін созылды, әртүрлі қиындықтар туындады, бұл менің алғашқы бастамалық проектім болғанымен аздап қобалжу да болды, бірақ қорқыныш болмады.

    Басты кейіпкер Арман жайлы не айта аласыз? Ол қандай адам?

    Басты кейіпкерім Арман – көкірегі ояу жан. Арман, айбарлы қу болса да, өте зерделі жігіт. Бұл жігіттің бойында үйлеспейтінділік үйлесімді байланыс табады. Арман батыл әрекеттер жасай отырып, өмірдің мәні – күресу деп есептейді (күледі). Қазіргі заманда мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға деген құштарлық жастардың бойын баурап алуда, себебі, билік тартады, кез-келген мәселені шешу үшін бар болғаны «ксивасын» сілтей салады. Біздің қоғам үшін мансап маңызды рол атқарады, сондықтан бұл сериалдың әр кейіпкері «бастық» боламын деп армандайды. Әрине, мемлекеттік қызметте жұмыс жасаудың  тек жақсысы ғана болмай, жаманы да қатар жүреді. Бұл сериал арқылы неліктен адамдар мемлекеттік қызметте жұмыс жасайтынын және бастарынан қандай қиыншылықтар өткендігін білетін боламыз.

    фото 2 бастык

    Екінші маусымның тұсаукесері қарсаңында көрермендер назарын қандай қызықты жаңалықтар күтуде?

    Көрермен мені көрген сәтте: «Қашан бастық боласың?»  деген сұрақ қояды. Құпияны ашар болсақ: Арман екінші маусымда мамандығын арттырып, лауазымын жоғарылатады. Сериалдың екінші маусымы әсерлі болу үшін көршілес ауылмен қарым-қатынасын, екі ауылдың бәсекелестігін арттырдық. Сонымен қатар ауылда орын алатын өзге де қызықты жайттар мен кейіпкерлердің қызыққа толы өмірін тамашалай аласыз.

    Көрерменге берер жалпы ойыңыз қандай?

    Жалпы авторлардың айтуы бойынша, жобаның барлығы – ол көрерменде болмаған нәрсенің, басты кейіпкерде болуы. Қойылған талаптар мен шарттарды ескере отырып, өзін еркін сезіну. Әр кейіпкердің өз өмірінде сезінбейтін еркіндігінің сериалда байқалуы. Сериалдың кейіпкерлері, адам миына кіріп-шықпайтын дүниелерді орындауға дайын болады. Кімде-кім өзінің сүйікті жұмысын тастап, ауылдағы әкімшіліктiң өркендеуіне үлес қосқысы келеді?! Сондай-ақ, сериал арқылы көбінесе отбасылық құндылықты, достық қатынасты, үлкенге құрметті және ғибратты нәрселерді жеткізгіміз келеді. Үлкенге ұмтылып жүріп, көз алдымыздағы қарапайым әрі маңызды нәрселерді ұмытып жатамыз: махаббат, достық пен бостандық.фото 3 бастык

    Еске сала кетеміз, екінші маусымды жұмыс күндері 20:20 «Жетінші арнадан» көре аласыздар.