
Қазақ тіліндегі әзілі жарасқан, ерекше нақыштағы әзіл-сықақ шоуы. Жаңа скетч-шоуы «Жетінші арна» көрермендерін комедиялық жанрдағы жаңа есімдермен таныстырып, жарқын таланттармен қауыштырады. Халықтық-ұлттық форматта нақышталған қарапайым өмір оқиғаларының экранизациясы бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмасы анық, ал жоба әзілі әр көрермен үшін түсінікті де тартымды болары сөзсіз.
Жаңа скетч-шоудың айрықша ерекшелігінің бірі – шоу кең ауқымды аудиторияға негізделген қазақ тіліндегі сапалы қазақстандық өнім екендігінде. Сондықтан жаңа скетч-шоу әзілдері әртүрлі тақырыпты қамтиды: такси, күлдіргі әрі қызықты жаңалықтар, супермаркет, мейрамхана және өзге де жерлердегі көріністер. Жалпы актерлері - қазақстандық КВН командаларының ойыншылары.

















