Телепрограмма
Мамыр 2012
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31
 

Comedy Club KZ

Жоба жайында

«Comedy Сlub KZ»- танымал ресейлік форматта бейімделген әзіл-оспақ шоуы. Comedy Club -2005 жылы КВН командасы құрған stand-up comedy жанрындағы шоу болып табылады. Жобаның идеясы, оның құрылуынан төрт жыл бұрын Арташес Саркисянның АҚШ-қа барған сапарында жергілікті Comedy Club бағдарламасын көргеннен кейін туындаған. Бағдарлама аз уақыт ішінде көпшілікке танылып, ал жоба қарапайым шоудан Comedy Club Production продюсерлік компания дәрежесіне дейін өсті. Қазақстандық жоба ұлттық әзіл мен қазақстандық телекөрермендер талғамының ерекшеліктерін ескере отырып, ресейлік шоудың үлгісі және стилистикасы негізінде жасалынды.

Бағдарламаның алғашқы циклының түсірілімі, ақпан айының соңында Алматы қаласында жүргізілді. Оңтүстік астанамызға арнайы түсірілім үшін ресейлік резиденттер: Гавриил Гордеев (Гавр), Зураб Мауа, Андрей Аверин, Олег Верещагин, Александр, А Ревва келді. Дегенмен бағдарлама танымал әртістерді көрсетуге емес, отандық жаңа жұлдыздарымызды танытуға бағытталған. Сондықтан шоудың негізгі қатысушылары қазақстандық резиденттер.

Қазақстандық резиденттер- әзілде алғаш қатысушылар емес. Олардың барлығы Қазақстанның әр түпкірінен келген мыңға жуық үміткерлер бақ сынаған кастингтен өткендер. Әрине, олардың әрқайсысының өз тарихы бар: кейбірі ұзақ уақыт бойы КВН-де ойнаса, ал бірі актёрлік бөлімде оқуда, ал кейбіреуі сахына туралы бала күннен армандауда. Резиденттердің басымы түсіріліммен қатар оқу оқуда немесе жұмыс істеуде, бірақ соған қарамастан олар өз өмірлерін түсірілімсіз елестете-де алмайды.

Танымал ресейлік форматта бейімделген әзіл-оспақ шоуының алғашқы қойылымы 25 наурызда 22.00-де шығарылды. Шоу эфирге әр жұмада жоғарыда көрсетілген уақытта шығарылады. Бағдарлама алғашқы шығарылымынан -ақ көрермендер назарына ілікті: Comedy Club KZ алғашқы қойылымы «Жетінші арнаның" күннің ең үздік эфирлік оқиғасы бесітігінен орын алды.




Пікір

Соңғы RSS
көп оқылатын