«Жетінші арна» — жаңа маусымда жаңа логотиппен

    1000_1000

    «Жетінші арна» өзінің визуалды сыртқы безендіруін өзгертті. Ширақ сызықтар мен үшкір жетіге жинақталған ықшам, қатал брендтің орнына түрлі түске қаныққан, ырғақты формаларға толы жаңа логотип келді.

    logo_pattern

    Жетінші арна 7 арна

    Жетінші арна 7 арна

    Мұндай өзгертулер арнаның отбасы мен жастарға арналған позитивті канал ретінде қалыптасуының маңызды әрі ұзақ мерзімді процесінің негізінде болды.

    «Жетінші арнаның» жаңартылған логотипі өмірге құштар, көзге ұнамды және қанық бояуларға толы.

    Бояулар жиынтығында бақыт пен жақсы көңіл күйді,энергия мен сұлулықты білдіретін сары мен қызыл күрең түстер қолданылған.

    Позитив пен ойын-сауықты, ашықтық пен тілдесуді ұнататын жас отбасылық аудитория үшін арнаны отбасылық канал ретінде қабылдауды күшейте түседі.

    «Жетінші арнаны» дамыту жөніндегі директоры Андрей Колотов: «Біздің жаңа логотип – позитивке бағытталған: жидек пен жастық, қанық шай мен таңғы сәуле, үйдегідей абажур мен жеміс-жидектік желе. Және ең бастысы, позитивті қосатын түйме. Логотипті дайындауға ғана емес, сонымен бірге оны дамытуға өткізілген фокус-топтарға қатысқан, қарапайым қазақстандықтар көмектесті»  

     «Эфирді түрлі түсті логотип тектес элементтер толықтырады. Егер барлық негізгі элементтердің формаларын жинақтасақ біздің логотиптің контурларын көруімізге болады, – деп жалғастырады маркетингтік жетекші Диля Искакова. – Бұл да жинақталған образдардың бірі. Пайдаланылған элементтер – түрлі позитивті эмоциялар мен мінездер, көрнекті бояулар мен біздің өмірімізде болып жатқан жарқын сәттер. Көрермендер қазірдің өзінде біздің эфирден бір-біріне қосыла ұшып жүрген, ойнап және өмір сүріп жатқан түрлі элементтерді тамашалай аламыз».

    7 канал логотип

    7 канал логотип

    Арнаның жарнамалық ұраны да өзгере түсті. «Бірге болған жақсы!» («Хорошо вместе!») сөз орамы жаңарған «Жетіншінің» ұранына айналды.

    «Біздің эфир адамдарды жақындастырады. Отбасымыз бен достарымыз және көңілді таныстарымызбен бас қосқанда өзімізді жайлы әрі жақсы сезінеміз. Тіпті жалғыз отырған адам «Жетінші арнаны» тамашалағанда да, ол арнаны көріп отырған барлық көрермендермен бірге біздің атмосферамызға қосылады. «Жетінші арнаны» қосқан кезде кез-келген көрермен өзін бізбен бірге жақсы сезінеді», – деді Андрей Колотов.

    Жаңа маусымда «Жетінші арна» ойын-сауық контентіндегі позитивті көңіл күйді сақтайды. Бағдарламалық кесте отбасымен бірге көруге болатын юмористтік шоу, комедиялық сериалдар мен сергітетін проекттерге толы болады. Телеарна жобалары көңіл-күйді көтеріп, қуаныш пен шаттық сезімін сыйлайды.

    «Жетінші арнаның» көрермендері мен табынушыларына жағымды жаңалық ретінде, ыңғайлы және  жақсартылған функцияларымен, стильді дизайн мен қолайлы интерактивті сервиспен толықтырылған жаңа tv7.kz сайтының іске қосылуын хабарлаймыз. Сонымен бірге, «Жетінші арна» ғаламтор кеңістігінде өзінің позициясын онлайн-хабар тарату арқылы күшейтпек. Басты жаңалық – 48 сағат ішінде көрсетілген эфирді қайта көру мүмкіндігі. Енді кез-келген көрермен өткізіп алған серия мен жақсы көретін бағдарламасын онлайн-режимде көре алады.

    Барлық көрермендерді позитивке, жақсы көңіл күйге, ашық және естен кетпес әсер алуға «Жетінші арнаның» көктемдік шығарылымына шақырамыз!

    Бізбен бірге жақсы!