Купюрасыз шулы шоу қазір эфирде.

    7

    Айқай-шу, интрига, ізін қазбалау… Осының бәрі қазақстандық купюрасыз шоу-бизнесте,яғни «Жетінші арнаның» батыл жобасы Гу Гу Летте. Жаңа маусымдағы бағдарлама ерекеше батылдығымен, құйтырқы материалдарымен,ең бастысы өзге жүргізушісімен таң қалдырады.
    Гу Гу Лет – бұл сұмпайы сұрақтарға берілетін жауап, қарапайым көременнің көзінен таса қалған жәйттер. Әрбір шығарылымда көрермендерді жүргізушінің тосын, күлкілі де құйтырқы сұрақтарынан өзге, қазақстандық танымал тұлғалардың сол сұрақтарға қалай жауап бере алатыны да қызық дүние. Жоба тіпті жанжалға жүгіне отырып назарымыздан сырт қалғысы келген жәйттерді жарыққа шығарады.
    Гу-гу Леттің жаңа маусымында тұрақты жүргізуші Анар Батырханның орнына одан кем түспейтін, харизмасы желдей есіп тұрған талантты актриса Мадина Оспан шығады. Жаңа тележүргізушімізді көрермендер «Жетінші арнаның» «Q-елі», скетчкомында көрген болатын. Онда актриса жас келіншектің рөлін сомдаған еді. Сондай-ақ Мадинаның талантына құмар жандар, актрисаны Дархан Саркеновтың толықметражды картинасы «Ұлы дала комедиясында» көргені анық. Жас талант аталмыш кинода танымал эстрада әншісі Төреғали Төрәлімен бірге түсіп,тұсауын кестіргені есімізде. Жаңа маусымда бір де бір жұлдыз жеке өмірі туралы,достық пен сатқындық, үйлену мен ажырасу жөніндегі асау сұрақтарға жауап бермей тұрып Мадина Оспанның құрығынан құтыла алмайды. Ол өзі бәрін білгісі келіп тұрады! Аруымыздың қырағы көзі мен баурап алатын күлкісінен анау-мынау жұлдызың сытылып кете алмайды.
    «Жаңа жүргізуші қылып біз тек қана қазақша жетік білетін адамды ғана емес, ең әуелі ой-санасы қазақша жанды алғымыз келді. Вайнерлерді, инстаграмдағы танымал қыздарды,тіпте журналистерді де талқыға салдық,-дейді жоба продюсері Зарина Мүсілім. Бақсақ, әңгімені жетесіне жеткізе өрбітіп отыру үшін актерлік шеберлік маңызды екен. Мадина неге өзгелерден асып түсті? Оның ойлау қабілеті нағыз журналистке сай және ерекше харизамсы бар. Тапсырма дұрыс қойыла білсе, ол қиналмай игереді, сұхбат барысында жол-жөнекей өз жанынан сұрақ шығарып қоя алады. Кастинг кезінде Мадина дереу ерекшеленіп көзге түсті. Шырайлы жүзіне парасат-пайымы сай келетіні керемет. Бұл өте маңызды жәйт. Жүргізуші сценарийде не жазылғанын ұғынбай, жәй жаттап алатын болса, көзге қораш көрініп тұрады. Орайы келсе Мадинаның салмақты бағдарламаға өте жақсы корреспондент бола алатынына сенімдімін».

    Жұма күні сағат19-30-да «Жетінші арнаның » Гу Гу Летінде көрермендер айқын Төлепбергеннің туған күнінде болып, әншінің екінші жұбайы Жұлдыздың қатысуымен түсірген жаңа клипінің тұсауын кеседі. Мерекеге келгендер оның жұбайының іші білініп қалғанын байқап,Айқынның отбасы қашан қуанышқа кенелетінін сөз қылып тұрған сәтте,Гу Гу Леттің журналисті әңгіменің бүге-шегесін өз аузынан есітіп алады. Бір қызығы, осыдан үш жыл бұрын осы жәйт қайталанып, Айқын жұбайымен бірге түскен жаңа клипін жұртқа ұсынған болатын. Бірақ қайсы жұбайы дейсіз ғой?
    Ол кезде Айқынның клипіне аяғы ауыр алғашқы жұбайы түскен еді. Демек хикая қайталанып тұрған жоқ па? Мерекеге келген Баян Алагөзова бокал көтеріп, Айқынға жұбайыңды алақанға салып аяла, ренжітуші болма деп тілек айтты. Айтпақшы,осы тектес тілек Баян Алагөзованың бұрынғы тәлімгері Ақбота Сейітмағамбетке үйленген Дәурен Айдарқұловқа да айтылған болатын.
    Бағдарламадан көрермендер сотқа тартылған Гаухар Әлімбекова туралы отандық әртістерден біраз гәпті есітіп, жұлдыздардың диетасы қандай, балалары кім, отандық орындаушылардың қайсысы сұғанақ қол плагиат деген сұрақтардың мән-жайына қаныға алады.