Жұлдыздары солай түсті! «Мажор», «Интерны» және «Кухня» телехикаясының сүйікті актерлерін 2 қыркүйекте «Жетінші арнадан» бір комедияда тамашалай аласыздар.

    Форс-Мажор-Insta

    Дүйсенбі, 2 қыркүйек күні «Жетінші арнада» Павел Прилучныйдың рөлінде «Форс-мажор» комедиялық эксклюзивті тұсаукесері өтеді. Бұл қазақстандық көрермендер үшін қайталанбас тұсаукесер болады және «Жетінші арнадан» басқа еш жерде көрсетілмейді. Комедия әлі ресейлік теледидар экрандарында көрсетілген жоқ және ол ғаламторда да жоқ.
    Телехикаяда басты рөлді сомдайтын актерларды байқамау мүмкін емес: Илья Глинников (Интерны), Диана Пожарская (Отель Элеон), Алекандр Ильин (Интерны), Сергей Лавыгин (Кухня), Владимир Сычев (Кухня).

    «Форс – мажор» телехикаясында Павел Прилучный өзіне тән емес рөлді сомдайды. Мықты, еріксіз және өзіне сенімді майордан ол жаңа рөлде қиын жағдайға тап болған қарапайым ақ халатты Витя бейнесінде көрінеді. Ол өте мейірімді және адамдарға көмек көрсетуден бас тартуды білмейді, ол пластикалық хирургия клиникасында жұмыс істейді. Содан кейін бір күні «Терапевт» деген лақап аты бар жергілікті қылмыскер клиниканың клиенті болады. Ол құқық қорғау органдарынан жасырыну керек, сондықтан келбетін өзгерту туралы шешім қабылдайды. Алайда, Терапевт клиникада қайтыс болады. Витя болған жағдайға өзін кінәлайды және енді бандиттер оның артынан ереді деп қорқады. Бірақ оның досы Артём (Илья Глинников) оған осы жағдайдан қалай шығу керектігін айтады. Ол Витяны Терапевттің орнын басуға шақырады…

    Павел Прилучный, Витяның рөлін сомдаушы: «Сериалда жұмыс жасау маған өте ұнады. Сериялдың қызық болғаны соншалық, біз ішегіміз түйілгенше күлдік. Телехикаядағы әзіл дөрекі емес, жақсы, мейірімді, адам түсінетін, дұрыс әзіл ».
    Қауіп-қатерге кезікке Витяны қандай авантюралар күтіп тұрғанын 2 қыркүйектен бастап 19: 30-да «Жетінші арнадағы» «Форс мажор» телехикаясынан біле аласыз.