«Kүнтізбе»

    Zhomelocalhostwwwmultisitewp-contentuploadsold_sitekuntibeava.jpg

    Уақыт көші сағат, күн, апта, ай, жылдан тұратыны белгілі.
    Бұл – өмірдің өлшемі.  Ал әрбір сәті –
    бір орында тұрмайтын, қайтып оралмайтын табиғаттың таңғажайып құбылысы.
    Есесіне, өткен күндер қазыналы тарихтың әр бетіне ретіменен орналасып жатыр
    және әр күні өзіндік қолтаңбасымен ерекше.

      «Күнтізбе»
    – осынау тарих күндерінен сыр шерткен, бүгінгі күнге ой салған, әр ұрпаққа азық
    болар танымдық, ойын-сауықты жоба. «Жетінші арнаның» эфирінен өзіңізге жол тартқан
    бұл жобаның сізге берері көп. Себебі, аптаның әр күнінде тарихтың тағылымды
    күндерінен естелік айтып, бүгінгінің өнегелі оқиғасын ортаға салады. «Күнтізбенің»
    әр санынан сіз тек
    қызықты да ойлы
    тақырыптармен танысасыз. 

      Бағдарлама төрт тақырыпты қозғаған 4 бөлімнен
    тұрады. Әр тақырыпты ашу үшін кемінде 4-5 маңызды әрі қызықты фактілер
    келтіріледі.

      «Күнтізбенің» ұсынары бұнымен шектелмек емес. Шақырылған арнайы қонақ ортаны
    толтырып, әсерлі, мазмұнды әңгімесімен бағдарламаны жандандыра түседі.

      Ендеше күн сайын «Жетінші арна»
    эфирінен кешкі сағат 19.30-да «Күнтізбені» көріңіз. Көңілге түйіңіз!