Дархан Сәркенов «Nya Nya аға» комедиялық хикаясы жайында

    22158681_120039168667849_4564885671063322624_n

    Алматыда «Nya Nya аға» хикаясының түсірілімі жалғасып жатыр. Картинаның қоюшы-режиссері — Дархан Сәркенов, ол «Қыз жолы 2», «Қазақ аруы» (екінші режиссер) және «Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» жобаларымен жұмыс істеген.

    Көпсериялы фильмдегі оқиға Мақсат есімді кейіпкер аясында өрбиді. Ол жұмыс іздеп жүріп, Жания Серікбаеваның сән басылымына орналасады. Бір күні әйел шұғыл түрде Астанаға ұшу керектігін айтады да, қызметкерлерінен балаларына қарай тұруын өтінеді. Оң қолы Алтынға үй тазалығына, ал Мақсатқа балаларға қарауды тапсырады. Содан бастап кейіпкерлердің қызықты оқиғалары басталады.

    «Alma pictures-тің продюсері Алмагүл Тілеухановамен алғаш рет «Бойжеткен» фильмінің түсірілімінде жолықтық. Бізді ортақ досымыз таныстырды. Продюсермен бірден тіл табысып кеттік. Содан бастап серіктестік орнатуды жөн көрдік. Хикаяның сценарийін жас автор Рустам Мұхит жазды. Сценарийдің алғашқы нұсқасы хронометраж жағынан сай келмеген еді, себебі бір бөлім 30 минутты құрауы тиіс болатын, сондықтан скриптті қысқартуға тура келді. Сценарийді тағы бір рет оқып шығып, қосалқы кейіпкерлердің де образын ашу керектігін түсіндік, көремендер экрандағы оқиғадан ерекше әсер алу қажет қой. Қосымша жұмыстарға 20 күндей уақыт кетті»,-дейді жоба жөнінде Дархан Сәркенов.

    1508153744p63fi-725x

    Басты кейіпкерлер Алтын мен Мақсатты Динара Бақтыбаева және Қуаныш Жылжақсынов сомдайды. Аталмыш дуэт көрермендерге «Нархоз» жастар хикаясы арқылы таныс. Режиссердің айтуынша, бұл актерлармен былтырғы жылы жұмыс істеуі тиіс болған екен.

    «Бір қызығы, Динара мен Қуанышты былтырғы жылы түсірген «Екеуге арналған заң» атты дебютті жобама шақыруды жоспарлаған едім. Бірақ, мен ойлағандай болмады. Мен Қуанышты Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да оқып жүргеннен бері білемін. Екеуі де камераны сезіне алатын дарынды актерлар. Әрдайым өздерінің пікірін білдіріп, идеяларымен бөлісіп отырады. Түсірілімге Жанболат Еділбаевтың операторлық тобы қатысады. Актерларды санағанда, түсірілім алаңында барлығы 50 адам жұмыс істейді»,-деп қосты Дархан.

    UYm4n_UaX24(1)(1)

    Сондай-ақ, картинадағы Жания Серікбаеваның рөлін Әсел Акбарова, оның жарын Қасымхан Бұғыбай, Мақсаттың досы Ермекті Рысқұл Қонақбаев, ал Алтынның құрбысы Әселді Марина Сүлейменова сомдайды.

    Авторлар түсірілімге қазан айының басында кіріскен. Түсірілімді осы айдың соңында аяқтауды жоспарлап отыр. Көрермен назарына барлығы 12 бөлім ұсынылмақ.

    «Nya Nya аға» хикаясы «Жетінші арнаның» тапсырысы бойынша түсіріліп жатыр.

    Благодарим Кинопортал Бродвей (brod.kz) за статью.