Extreme makeover: home edition (Баспана Бабы)

    Zhomelocalhostwwwmultisitewp-contentuploadsold_sitemakeoverextreme-makeover-home-addition.jpg

    «Менің баспанам- менің қорғаным» тұрақты түрде әділ тұжырым бола алмайды. Кейбір кезде баспанамыз қалтамыз көтере бермейтін жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Осы кезде EXTREME MAKEOVER: HOME EDITION шоуының мамандары өз қол ұшын ұсынуға дайын.

    Бақытты отбасын бір апталық демалысқа жіберіп, кәсіпқойлар командасы қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізіп қоймай, баспананы танымайтындай кейіпке дейін өзгертеді, кей кезде қажеттілігіне қарай үйді қайта құрастырады.

    Мұндай күрделі жұмыстар әдетте бірнеше ай уақытта жасалынса, ал бағдарлама мамандарына қатысушылардың өз баспаналарын танымастай күйге өзгертулеріне небары жеті күн жеткілікті.