«Гоктың сән әлемі» шоу бағдарламасы

    Zhomelocalhostwwwmultisitewp-contentuploadsold_sitefilmigok-van.jpg

    «Гоктың сән әлемі» шоуының шарты бойынша лондондық сән әлемінің танымал білгірлері ең қымбат киімдер арасынан белгілі бір жағдайға қажетті (мысалы, жағажай киім үлгілерін) төрт киім топтамасын таңдап алады. Иелігіне небары 800 фунт иеленген шоу жүргізушісі арзан бағалы дүкендерден киімдер сатып алып, өз қиялы мен шабытын қоса отырып осы киімдерден ғажап дүние жасап шығуы қажет. Ақтық сайыста студиядағы көрермен қауым дауыс беру арқылы кімнің жеңіске жеткенін анықтайды: дизайнерлік киім бе немесе жүргізуші туындысы ма?

    Студияға шоу-бизнес әлеміндегі танымал тұлға да шақырылады. Оның бір киімін он секундта киіп үлгерген көрермен сол киімді өзіне алып қалады. Ал Гок Ван медиа жұлдыздың талғамын сынайды. Мысалы, көрсетілімге шыққан ең қымбат бес джинси шалбарының арасынан ең арзанын анықтайды.

    Студиядағы қарбалас дайындық әртүрлі ағылшынның сан қилы қала көшелеріндегі Гоктың сән көрсетілімін ұйымдастырған шараларымен алмастырылып отырады. Ең үздік әуесқой сәнгер деп танылған адам Гоктың қолынан Лондондағы телешоуға жолдама алады.

    Бағдарлама жүргізушісі, Гок Ван Лондонда дүниеге келген. Оның әкесі — қытай, ал анасы — ағылшын. 2008 жылы Гок Ван әйгілі Vogue редакторы Александра Шульман және дизайншы Стелла Маккартнимен қатар, британдық сән индустриясы өкілдерінің ең беделді бес тұлғасының қатарында танылған.

    Шоу — қымбат киім сатып алмай-ақ стильді және сәнді киінуге болатынын дәлелдейді. Ол үшін жоғары талғам мен ұшқыр қиял болса болғаны.