«Гульбике» көркем фильм

    Айтыстың ду-думанымен қабат туылған Гүлбикені жұрт жез таңдай әнші, әрі ақын болады деп болжады. Бірақ сәби мылқау боп туылыпты. Өмірде тағдырдың тауқіметін көп көріп, жақын-жуығынан айырылып, махаббаттан ада болған Гүлбикенің ақыр соңында тумысынан бойында бар таланты тіріліп, кенет оянған дала дауыспен қаһарлы қыстан кейін шешек атқан көктемді жырлайды.