Маңғыстаулық мұнайшылар депутаттардан көмек сұрап келді  

Зейнетке деп жинаған өз қаржымызды ала алмай жүрміз. Нұр-Сұлтанға Маңғыстаудан арнайы келген бір топ азамат осылай деп шағымданып, депутаттардан көмек сұрауда. Себебі, олар бүкіл қаржысын зейнетақы аннуитеті шарты арқылы сақтандыру компанияларына аударып қойған. Компания оларға зейнет жасына дейін ай сайын шекті соманы төлеуге міндетті. Бірақ, өзге азаматтар секілді жинақтағы қаржысының бір бөлігін ипотека жабуға болмаса емделуге жарата алмайды.

Сейсенбі, 15 Наурыз 2022, 19:46

Соңғы шығарылымдар