Шәмші әндерінің халықаралық фестивалі басталды
Бүгін Өскеменде қазақтың әйгілі композиторы Шәмші Қалдаяқов әндерінің «Менің Қазақстаным» атты халықаралық фестивалі басталды. Тұлғанның талантын ұлықтауға 20-дан астам жас орындаушы жиналды. Қатысушылардың берісі ел аймақтарынан, әрісі Қытай, Қырғыз және Монғол асып келген. Олар 3 күн бойы тек Шәмші әндерін орындау бойынша сынға түспек. Ұйымдастырушылар, фестиваль қатысушыларын Өскемен жұртына таныстырды. Осыдан кейін халықаралық байқаудың бірінші кезеңі де басталып кетті. Мәдени шараға қазақ вальсі королінің туыстары да қатысты. Ал Шәмші әндері сайысының жеңімпазын қазақ эстрада жұлдыздарынан құрылған қазылар алқасы анықтамақ. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарға қомақты сыйлық әзірлеп отыр.
Cегодня вечером
0800

«Айнаонлайн»
0900

«Субботний вечер»
1040

«Замуж в 30»