«Жетінші арнада» телехикаялар қалай дыбысталады?

    0Bq4PETe6F9A5f1dRfqvAvxyf2lJ9a

    Уәде еткеніміздей, көрермендердің көптеген өтініштері бойынша, арнамыздың бір құпиясын ашамыз! Ол кісілерді көпшілік біле бермейді, бірақ дауыстарын бір сәтте-ақ тани қоясыздар! Сонымен, дубляж бөлімінде табанды әрі өнімді еңбек ететін мамандармен жақынырақ таныстырамыз…

    Нартай Сауданбекұлы – Әли Рза бей, Митхат бей, Яман бей, Әмір, Улуч, Кемаль бей, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттарды дыбыстайды.

    Гүлнәр Рысбайдың дауысымен — Ферхунде, Фикрет (бала кезі), Неийр, Мехмет, Джанер, Айша сөйлейді.

    Айым Жетпісова – Неджла, Джейда, Седеф, Райхан, Джеврие, Нұрданды дыбыстайды.

    Олжас Жақыпбек – Шевкет (жас кезі), Тахсин, Ахмет бей, Джем, Әли, Консул, судьялар, түрмедегі кейіпкерлер, адвокаттар.

    «Жетінші арнаның» дубляж студиясы кәсіби және заманауи жабдықтармен қамтылған. Шетелдік фильмдерді қазақ тілінде сөйлету бойынша ынтымағы жарасқан шығармашылық ұжымымыз еліміздегі ең үздік кәсіпқойлардың бірі саналады. Студиямызда кейіпкерлерді қазақша сөйлететін театр әртістерінен басқа, кәсіби аудармашылар, редакторлар, дубляждың режиссерлері, дыбыс режиссері, бейнеинженерлер мен үйлестіруші (координатор) маман бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қажырлы еңбек етеді. Барлық уақытта экранның арғы жағында көрінбей қалатын қызметкерлеріміз бен олардың атқаратын істерімен таныс болыңыздар…

    Аудармашылар шет тіліндегі фильмді көріп отырып, тікелей аударма жасайды. Бұл тәсіл сөздердің кадрдегі әртістердің сөйлеуі мен іс-қимыл, мимикаларымен дұрыс сәйкес келуіне көмектеседі.

    Аудармашылар:

    Аяужан Бүркітбаева


    Назгүл Балабекова

    Баян Нұғман

    Анаргүл Сайекешова

    Тиісті серияны қазақ тіліне аударғаннан соң, редакторлар аударманың түпнұсқадағы сөздермен дәлме-дәл сейкес келуін тексеріп, мәтінді түзетеді.

    Редакторлар:


    Еркебұлан Абдрахманов

    Зухра Борантаева

    Мәтінді редакциялау аяқталғаннан кейін, әртістер дубляж режиссерімен бірге сериалға қазақша тіл бітіруге кіріседі.

    Дубляждың режиссерлері:


    Қуаныш Қолдауов


    Арай Амантауова

    Серияларды қазақшалау аяқталғаннан кейін, барлық шығармашылық еңбекті монтаж бөліміне жібереді.

    Бейнеинженерлер:

    Арман Үсенов


    Жанат Шарапиденов


    Қуаныш Әлмұханов

    Монтаждау біткеннен кейін, дыбыс инженері барлығын тексеріп, қабылдап алады.

    Дыбыс режиссері:


    Абылай Энгельс

    Көрермен қауымды бір дерлікте субтитрлік мәтінмен қамтамасыз ету үшін қазақша мәтіндерді орыс тіліне аударуға жібереді. Осыдан кейін орыс тіліндегі субтитрды серияға қосады.

    Бір серияны сапалы түрде толық дыбыстап шығу үшін кейде үш-төрт күн жұмсалады. Мәселен, 174 бөлімнен тұратын «Үзілген жапырақтар» телехикаясына қанша еңбек сіңірілгенін енді білген боларсыздар. Кейде ойдағыдай шықпаған дубляжды (еріннің қимылына сөздер сәйкес келмегенде) басынан бастап қайта дыбыстауға тура келеді. Ал үйлестіруші Светлана Кусаинова осы жұмыстардың барлығын бақылап және бағыттап отырады. Осылайша дубляжды бір адам, екі адам емес, үлкен ұжым жұмыла жүріп жасайды.

    Үйлестіруші:

    Светлана Кусаинова

    «Жетінші арнаның» кәсіби дубляж студиясы телехикаяларды қазақ тілінде сөйлетіп, көрерменнің көңіліне қонатын сапалы фильмдер жасайды. Аударма мәтінін тек аударып қана қоймай, фильмдегі әрбір сәтті (монолог, диалог) сезіну және керекті эмоцияны көрсету үлкен еңбек пен шеберлікті қажет етеді. Телехикаялар мен фильмдердегі кейіпкерлерді тек кәсіби театр әртістері дыбыстандырады. Фильмдердің қазақша атауын шығармашылық ұжым ұзақ талқылап, ақылдаса отырып қояды. Арнамыздың дубляж студиясына жұмысқа тұру барысында үміткерлер қатал іріктеуден өтеді.

    Біз өз фоторепортажымызды дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі Кенжемұрат Көшеровтың «біз «қызыл кілем» үстімен шайқатыла жүріп, мадақ жинайтын мамандар емеспіз. Біздің қажырлы жұмысымыз әрқашанда көпшіліктің назарынан тыс қалады» деген сөзімен аяқтағымыз келеді.

    Арнамен бірге құрылып, бірге қалыптасқан дубляж бөлімінің көркемдік жетекшісі: Кенжемұрат Көшеров.

    Күнде тамашалайтын телехикаялардың дубляжы қалай жасалатынын енді білген боларсыз деп ойлаймыз. Ендеше көрінбейтін майданның осы бір майталмандарына шын жүректен шығармашылық шабыт тілейік!

    Жұмыс барысынан бірнеше фото:

    Дәл қазіргі уақытта «1001 түн» телехикаясын қазақ тілінде сөйлету қызу жүріп жатыр. Дубляж бөлімінің мамандарына сәттілік тілейміз!