ЖЕТІНШІ АРНАМЕН — ТУҒАН ЕЛГЕ САЯХАТ

    1

    «Туған жер — әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қай жерде жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.»-деп Елбасы өзінің «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты мақаласында жолдаған болатын.

     

    Осы мақала аясында Жетінші арнаның ұйымдастыруымен «Туған елім» атты жаңа хабар түсірілді. Иә, жетінші арнамен бірге сіздер енді еліміздің ең керемет мекендеріне табан тіреп, тарихи шаhарларды аралап, игі жақсылардың әңгімесін тыңдап, өскен ордаға саяхат жасай аласыз.

    «Туған елім» хабарында еліміздің орталық, шығыс және оңтүстік аймақтарына сапар шегесіз. Сіздерді киелі өлке топырағымен  таныстыратын: актер, компазитор Қадырғали Көбентай және жас  актер Медет Рахымбергенов. Қос жүргізуші әр хабар барысында  еліміздің бір облысына саяхат жасайды. Олар сол аймақтың танымал тұлғаларымен тілдесіп, сол өңірдің барлық жақсы жерлерін көрсетіп таныстырады. Жол барысында көрген талай қызықты оқиғалары қалың көрерменге ұнары сөзсіз.

    5

    Жаңа хабарының мақсаты еліміздегі әр аймақтың тарихымен, әдет-ғұрпымен, табиғи байлығымен, әлеуметтік және эканомикалық дамуымен  танысып  бейнесін көрсету. Сондай-ақ сол өлкеде туған ұлы тұлғаларды насихаттау. Хабардың тілі қазақша. Аптасына бір рет сенбі күні көрсетіледі. Ендеше қапы қалмаңыздар. Жетінші арнамен туған елге бірге саяхаттайық!