Жетінші арнаның жаңа ток-шоуы «Өз ойым» бағдарламасы талай сұраққа жауап берді

    2

    3 сәуірден бастап Жетінші арнада «Өз ойым» бағдарламасы көрерменге жол тартты. Бағдарлама аз уақыт ішінде түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғап, көррерменнің көзайымына айналды.

    Алғашқы қонақтар қазнеттің қасқалары Парфюмер есімімен танылған рэпер және Жан Ахмадиев болды. Естеріңізде болса, есімі соңғы аталған кейіпкер наурыз айында жезөкшелермен күрес бастап кеткен болатын. Көпшіліктің көкейіне көп сұрақ ұялатқан видео шындыққа қайшы, арнайы тамыр-таныспен түсірілген болып шықты. Қоғам екіге бөлінді. Жақтайтындар да бар, даттайтындар да жетерлік. Студияда Жанның өзі осы видео жайлы ашық айтты.Тіпті ол бұл іс-әркететінің дұрыс болмағанын мойындап, халықтан кешірім сұрады.  Тікелей эфир кезінде жүргізуші мен көрерменнің сұрақтарынан жалтаруға мүмкіндік жоқ. Екі журналист те сұрақты төтесінен қойып, тік жауапты күтетін шеберлер.

    1

    Бағдарламаның ең қызықты тақырыптарын келетін болсақ, «Miss Kazakhstan-2018» байқауының жеңімпазы Альфия Ерсайын ең алғаш осы бағдарламаға сұхбат берді. Альфияны бұл лауазымға сай емес деп даттаған көрерменнің пікірі бағдарламадан кейін өзгерді. Альфия өзінің ақылы мен қазақ қызына сай көркімен көрермендерді баурап алды. Ал «Мәдениетсіз тойлар» тақырыбында бағдарлама журналистері қазіргі кездегі болып жүрген тойларды толық зерттеді. Сондай-ақ, бағдарлама барысыныда көптеген қазақстандық және шетелдік әншілердің тойға шығу бағасын ашық жариялады. Бұл ақпарат көптеген әлеуметтік желі, ақпараттық сайттардың жаңалықтарына арқау болды.

    Алғашқы эфирден-ақ бұл ток-шоу елді елең еткізетіні сезіледі. Ауқымды түрде балалардың екпе мәселесі, баспана, Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жайлы тақырыптар қозғалды. Бағдарламаға келген Меруерт Терубайқызы су тасқыны зардаптарынан үйінің жарамсыз болып қалғандығын мәлімдеді. Біраз уақыт өте ол оған жаңа баспана бергенін баяндап хабарласты. Сондай-ақ, бағдарламаға белгілі абайтанушы Омар Жалел, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Сәмединова, ҚР Мәдениет қайраткері Қуандық Шамақай, танымал теаолог Кеңшілік Тышқан, тарих ғылымдарының кондидаты Жұмамұрат Шәмші.

    10

    Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы. Жоба авторлары тағы қандай тосын сыйлармен қуантпақ? Оны өздеріңіз көре жатарсыздар. Өткізіп алмаңыздар, әр сейсенбі-жұма күндері Жетінші арнада «Өз ойым» бағдарламасы.Бұл шоуда әркімнің өз ойы бар!