«7 арна» 9 қыркүйекте республика аумағына хабар таратуын бастады. Танымал қазақстандық медиаменеджер Батыр Қазыбаев «Жетіншінің» тізгінін өз қолына алды. Телеарна ақпараттық-талдамалық хабарларға басымдық бере отырып, өзі өндіретін бағдарламаларды эфирге шығарды. «7 арнаның» жаңалықтары, «Другими словами» және «Нысана» қорытынды бағдарламалары жаңа телеарнаның мақтанышы болды. Арнаның алғашқы логотипі – қағаз қыстырғыш түріндегі «Жеті» саны.
Сол кездің өзінде телеарна Қазақстанда алғашқылардың бірі болып YouTube арнасын ашты. Көрермен көңілінен шыққан бағдарламалар қатары «Жиһанкез», «Эксклюзивное интервью» сынды жаңа жобалармен толыға түсті.
2011 жылы телеарна әлеуметтік желілерді бағындыруға кірісіп, ойын-сауық бағытына қарай бет бұрды. Әлемге танылған шоулардың отандық үлгісін эфирге шығарды: «40 миллион теңге» және «Не? Қайда? Қашан?»
Телеарна «KZ-ландия» әзіл-сықақ скетч-шоуын көрермен назарына ұсына бастайды. «Фабрика звезд» - «Жұлдыздар фабрикасы», «Звездные танцы» сынды әлемдік шоулардың отандық нұсқасын ұсынған «7 арна» көрермен жүрегін жаулауын жалғастырады. Бұл жобалардың рейтингі де жоғары болды.
«7 арна» теңдессіз «Экстремалдар» шоуын қазақстандықтардың назарына алғаш болып ұсынды. Қазақстан құрамасы Украина, Ресей және Финляндия құрамасымен күш сынасу үшін Аргентинаға аттанды. Дәл сол жылы тағы бір әлемдік шоудың жергілікті нұсқасы – «Мінсіз келін» премьерасы эфирге шықты. Өткір мәселелер көтерілген «ВЫХОД есть» әлеуметтік ток-шоуы да сол жылы эфирден берілді.
Арна логотипін өзгертіп, дизайнын жаңартты. Оригами түрінде бейнеленген логотип экранға сән берді. Digital бағытына бетбұрыс өз жалғасын тапты. Осы жылы телеарна «Аналар күні» мерекесіне орай Алматы мен елордада іс-шара ұйымдастырды. Сол шарада 856 кг бауырсақ пісіріп, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Дәл сол жылы «BOOM!» шоуында «екінші экран» инновациялық және интерактивті технологиясын қолданысқа енгізді. Сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі бірден-бір ірі жоба «Хочу к Меладзе» жобасына қосылды.
Арнаның хабар тарату форматы өзгерді. Ақпараттық хабар таратудан бас тартып, қазақ тіліндегі ойын-сауық контентіне басымдық берді. Танымал Q-eli скетч-шоуының бүкіл маусымы көрсетілді және ол YouTube желісінде 500 миллионнан астам рет қаралды. Сол жылы арна «Делай добро/Жақсылық жаса» акциясын қолға алып, қазақстандықтарды ізгілікке үндеді.
«7 арна» жаңа дизайн және жаңа логотиппен толығымен ойын-сауық арнасына айналды. Эфирден берілген «Бастық боламын» сериалының алғашқы маусымы өз көрерменін тапты. 2016 жылы республикалық телеарналар арасында қаралым үлесі бойынша төртінші орынды иеленді.
Телеарна комедия жанрындағы сериалдарды түсіруді қолға алды. Премьералармен өз көрерменін қуантуды жалғастырды. Q-еліндегі Тайлақтың бастан өткерген хикаяларының жалғасы ретінде «Тақиясыз періште» сериалы эфирге шықты.
«7 арна» - YouTube алтын батырмасын қазақстандық телеарналар арасында алғаш иеленгендердің бірі. Эфирден «Зың-зың Күлпәш» жобасының бірінші маусымы көрерменге жол тартты. Бұл жобаның бүкіл маусымы YouTube арнасынан жүз миллионнан астам рет қаралды. Осы жылы отандық телевизия тарихындағы теңдессіз жоба «Хотим ребенка» реалити-шоуы жарық көрді. «7 арна» өз көрерменінің тағдырына бейжай қарамай, оларға жаңа өмір сыйлады.
«7 арна» HD-форматқа көшті. Телеарнаның дизайны мен логотипі өзгерді. «Өз ойым» ток-шоуы жарық көрді. Жүргізушілер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, медиа-тұлғалар бағдарлама кейіпкерлерінің түрлі мәселесін шешуге тырысты.
Телеарнаға жетекшілік етуді Сергей Майборода өз қолына алды. Ең үздік мамандарды арнаға тарта отырып, ауқымды трансформацияға кірісті. Техникалық жаңғыртудан бөлек, ойын-сауық форматынан ақпараттық-ойын-сауық форматына өту кезеңі басталды. «Минус 750», «Солдат пен салауат», «Сен жалғыз емессің», «12 күн» сериалдары және «Самое время» саяси ток-шоуы эфирге шықты.
Телеарна өз тарихында бұрын-соңды болмаған техникалық кешенді жаңғыртуға кірісті. «Jaidarman» эксклюзивті әзіл-оспақ шоуы эфирдің шымылдығын ашса, көрермен YouTube арнасынан қызыға тамашалаған отандық «Тойхана», «НяняMAN», «Өсекшілер», «Изоләция», «Ұстаз», «Көршілер» сериалдары телеарна эфирінен көрсетілді. Тек 2021 жылғы сәуірде «7 арнаның» YouTube-арнасындағы контенті 46 миллионнан астам рет қаралым жинады. Жаңа маусымда «Оян, Қазақстан!» таңғы бағдарламасы мен «Студия 7» кешкі бағдарламасының тұсауы кесілді.
Қараша айында телеарнаға жетекшілік етуді тәжірибелі медиаменеджер Ерлан Игісінов өз қолына алды. Телеэфирмен қоса, Digital форматында кеңінен ұсынылатын конвергентті телевизия құру процесі басталды.
1 ақпанда AIBAT ақпараттық қызметі өз жұмысын бастады.
Көктемгі маусымда тойсүйер қазақтың тойханаларында кездесетін шым-шытырық оқиғалар əзіл-шыны аралас суреттелген «Тойхана» комедиялық сериалының 2-маусымы, тағдырдың сан тарам жолында сан сауалға жауап іздеген жандарға арналған «SanTaram» жаңа әлеуметтік ток-шоуы мен Қазақстандағы алғашқы трансформациялық реалити-шоу «Моя игра» 7 арна эфирінен берілді.
Шілде айында БАҚ және телевизия өндірісі саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман Әния Байоразова «7 арнаға» жетекшілік етуге кірісті.
Күзгі маусымда «Boss әйел», «Әке мен әке», «Ауыл дәрігері», «Өсекшілер-2», «Бұл өмірде» сериалдары көрерменге жол тартты.
Телеарна ауқымды өзгеріске бет бұрды. Арнаның ребрендингі жасалды. Логотипі өзгерді.
Ел көретін эфир ерекше безендіріліп, жаңа маусымда жаңаша түрленді. Телеарна саясаты ақпараттық форматтан танымдық-ойын-сауық бағытқа бет бұрды.
Бағдарламалар кестесі «Қыздар-ай» әлеуметтік күндізгі шоу, «Разговор со вкусом», «Battle сөз», «Жұлдызды шаңырақта», «Қызықты wekeend», «Реформатор», «Жаңа кезең» атты танымдық-ойын-сауық бағыттағы ерекше әрі мазмұнды контентпен толықты.
Күзгі маусымда «ХАҚ», «Ағайынды», «Серпін», «Үмітіңді үзбе» секілді сериалдардың тұсауы кесілды. Сондай-ақ «Айнаonline» бағдарламасы бірнеше жылдық үзілістен кейін эфирге қайта оралды.
Жаңа маусымда әйелдер қауымына арналған контентке көбірек көңіл бөлінді. Телеарнаның тұрақты көрермені үшін «Гүл-гүл шоу» атты жоба көрерменге жол тартты.