«БҰЛ ӨМІРДЕ…» – қоғамдағы өзекті мәселелер мен күнделікті өмірдегі келеңсіз оқиғаларды астарлы әзілмен жеткізетін, қағытпа қалжыңмен қайрайтын юморлық скетч-шоу. Жобаның мақсаты – көрерменді күлдіріп қоймай, салмақты ой тастау.
«Қазақ сатирасы отбасы-ошақ қасы төңірегіндегі тұрмыстық әзілдермен ғана шектеледі» деген стереотипті сындырып, көрерменге мазмұны терең дүниені жаңа форматта ұсынғымыз келеді», — дейді «Жетінші арнаның» желілік продюсері және сценарий авторларының бірі Мәди Әбдуғали.
Жаңа тележобаның құрылымы «Жаңалықтар» шығарылымына ұқсас. Ал шығарылымдағы сюжеттер желісіне шынайы өмірдегі оқиғалар арқау болмақ. Оқиғаларды экрандайтындар қазақ сатирасының жас буын өкілдері. Олардың қатарында көрерменге «Jaidarman» жобасы арқылы таныс жайдарманшылар мен «Назар аудар» театрының актерлері және белгілі стендаперлер бар.
«Бұл өмірдің сан тараулы жолындағы сан қилы оқиғалардың экранизациясы көрерменді бей-жай қалдырмасы анық, себебі скетч-шоуда драматургия бар, логикалық ойлар айтылады. Сюжет сценарийі де әр актердің мінезі мен болмысын ескере отырып жазылады», — дейді Мәди Әбдуғали.
Шығармашылық топ юморлық жобаның 10 шығарылымнан тұратын бірінші кезеңінің сценарийін бір айдың ішінде жазып, түсіріп шыққан. Жаңа жобаның тұсаукесері 9-қарашадан бастап дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 21:40-та «Жетінші арна» эфирінен көрсетіледі.
«Бұл өмірде...» – қоғамдағы өзекті мәселелер мен күнделікті өмірдегі келеңсіз оқиғаларды астарлы әзілмен жеткізетін, қағытпа қалжыңмен қайрайтын юморлық скетч-шоу. Жобаның мақсаты – көрерменді күлдіріп қоймай, салмақты ой тастау.
Толығырақ© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.