«Жетінші арна» республикалық ақпараттық ойын-сауық телеарнасы 2023 жылғы 30 қаңтардан бастап эфирдегі «Aibat» және «Студия 7» ақпараттық- сараптамалық бағдарламаларының жабылатынын хабарлайды. Бұл — телеарна саясатының ақпараттық форматтан әлеуметтік-танымдық форматқа бағыт бұруына байланысты қабылданған шешім. Жабылған жобалардағы қызметкерлерге жаңадан ашылатын хабарларға ауысу туралы ұсыныстар берілді.
Естеріңізге салайық, «Aibat» жаңалықтар қызметі 2022 жылдың 1 ақпанынан, «Студия 7» бағдарламасы 2021 жылдың 28 маусымынан бастап эфирге шыққан еді.
«Жетінші арна» биылғы көктемгі телевизиялық жаңа маусымда көрермендердің талғамы мен талабына сай келетін мазмұнды да қызықты жобалар ұсынады.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.