«Жетінші арна» әлеуметтік-танымдық бағытқа бет бұрады

«Жетінші арна» әлеуметтік-танымдық бағытқа бет бұрады

«Жетінші арна» республикалық ақпараттық ойын-сауық телеарнасы 2023 жылғы 30 қаңтардан бастап эфирдегі «Aibat» және «Студия 7» ақпараттық- сараптамалық бағдарламаларының жабылатынын хабарлайды. Бұл – телеарна саясатының ақпараттық форматтан әлеуметтік-танымдық форматқа бағыт бұруына байланысты қабылданған шешім. Жабылған жобалардағы қызметкерлерге жаңадан ашылатын хабарларға ауысу туралы ұсыныстар берілді.

Естеріңізге салайық, «Aibat» жаңалықтар қызметі 2022 жылдың 1 ақпанынан, «Студия 7» бағдарламасы 2021 жылдың 28 маусымынан бастап эфирге шыққан еді.

«Жетінші арна» биылғы көктемгі телевизиялық жаңа маусымда көрермендердің талғамы мен талабына сай келетін мазмұнды да қызықты жобалар ұсынады.