«Жетінші арна» эфирінде жаңа жоба – «Жаңа кезең» хабары

«Жетінші арна» эфирінде жаңа жоба – «Жаңа кезең» хабары

«Жетінші арна» көрермен назарына елдегі жаңа саяси науқан туралы жан-жақты ақпарат беретін «Жаңа кезең» жобасын ұсынғалы отыр.

«Жаңа Қазақстанның» жаңадан жасақталатын Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлау науқаны өз жұмысын бастады. Бұл сайлау несімен ерекше, Мәжіліс пен мәслихат мінберлерінен ел сөзін ұстайтын қандай тұлғаларды көре аламыз және оларға қандай мақсат-міндеттер жүктелмек? «Жаңа кезең» бағдарламасында осы сауалдарға тілшілер жауап іздейді әрі сүбелі сұхбаттар мен пайымды пікірлер, терең талдау мен сараптама арқылы саяси шараны көрерменге түсінікті етіп жеткізуге тырысады.

Бағдарлама тізгінін ұстайтын тәжірибелі тележурналист Мейіржан Әлібекұлы: «алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттарға депутаттарды сайлау елімізде алғаш рет жаңа талаппен өткелі отыр. Бағдарламаның мақсаты – сол жаңа талаптар мен тың өзгерістерді халыққа жеткізу»,-дейді.

Бағдарлама «Жетінші арна» эфирінен әр жұма сайын сағат кешкі 18:00-де көрсетіледі. Бағыт-бағдары өзгеше биылғы саяси аламан туралы барлық ақпаратты «Жаңа кезең» хабарынан біле аласыздар.

Жаңа кезең

Жаңа кезең

«Жаңа кезең» – ҚР Президентінің саясаты мен мемлекеттік реформалардың қалай жүзеге асып жатқанын баяндайтын арнайы жоба. Бағдарлама авторы Мейіржан Әлібекұлы сала мамандарымен студияда сұхбат құрып, елімізде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді талқылайды.

Толығырақ