«Жетінші арна» эфирінен «Жаңа Қазақстандағы» жаңашылдықтар туралы «Реформатор» атты жаңа жоба көрсетіледі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалардың нақты бағыттарын айқындап берген «Жаңа Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Жаңа жобаның командасы да бұған өз үлесін қосады. Реформа жүргізілетін әр бағыт пен салаға толығырақ тоқталып, оның маңызы мен қазақстандықтардың өміріне, елдің әлеуметтік даму саласына қалай әсер ететіні туралы тереңірек түсіндіріп береді. Бұған қоса көрермен жаңа жобадан ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы барысымен танысып, саяси додаға түскен партиялар мен олардың сайлауалды бағдарламаларымен танысады және кімдердің «халық қалаулысы» атағынан үміткер екендігін біледі.
«Қазақстан түрлі салада қуатты трансформацияны бастан өткермек. «Тоқаев реформасы» халық өмірінің барлық маңызды аспектілерін қамтиды. Бағдарламаның мақсаты – сол реформаларды халыққа түсінікті етіп жеткізу және өзгерістер енгізілетін кодекстер, заңдар туралы айту»,-дейді «Жетінші арнаның» Бас директоры Әния Байоразова.
«Реформатор» жобасын біздің YouTube-арнамыздан әр жұмада сағат 19.00-де тамашалай аласыздар
«Реформатор» жобасының командасы мен оның жүргізушісі Меруерт Шукуева Қазақстан Республикасы Президентінің реформаларын егжей-тегжейлі талдап, жаңашылдықтардың елдегі саяси өзгерістер мен қазақстандықтардың өміріне қалай әсер ететінін айтып береді.
Толығырақ© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.