«7 arna» жаңа маусымда жаңа жоба – «Разговор со вкусом» шоуын ұсынады

«7 arna» жаңа маусымда жаңа жоба – «Разговор со вкусом» шоуын ұсынады

Биылғы көктемде «7 arna» эфирінен көрерменге жол тартатын қызықты жобаның бірі – «Разговор со вкусом» аспаздық-шоуы. Бағдарламаның ерекшелігі сол – студия қонақтары құрамы құпия тағам түрлерін өзгеше етіп ұсынады.

Жоба жүргізушісі, ерекше харизмаға ие Рано Омарова студия асүйінде қонақжайлық таныта отырып, оларды әңгімеге тартады. Қонаққа келген танымал тұлғалар мен шоу-бизнес жұлдыздары дәмі тіл үйірер тағам түрлерін әзірлеу тәсілдерінен бөлек, жетістікке жету құпияларымен де бөліседі. Отбасы, жеке өмірі жайлы сыр шертеді.

Аспаздық-шоудың алғашқы екі шығарылымы «Наурыз» мейрамына арналады. Бағдарламаның тұсауы кесілген күні көрермен танымал блогер Жәнел Бектемісова әзірлеген наурызкөжеден дәм татады.

 «Біз бағдарлама арқылы асүйдегі жайдарлы көңіл-күйді, қонақтардың шынайы әрі қарапайым бет-бейнесін көрсетуді мақсат еттік. Көрермен өзіне қажетін табады деген сенімдеміз: біреулерін жаңа тағам түрін әзірлеуге шабыттандырсақ, енді бірін жетістікке жетуге, жаңа кәсіппен айналысуға, ынталандыруымыз мүмкін. Мысалы, әнші Мақпал Исабекова бізде қонақта болғанда босанғаннан кейін депрессиядан қалай шыққаны туралы айтып берді, жас аналарға пайдалы болар кеңестерімен де бөлісті»,-дейді жобаның продюсері Ай-Керім Самалбекқызы.

Көрермен қонақтар қатарынан әнші Луинаны, актриса Дарья Александрова мен дизайнер Аида Қауменова сынды өзге де жұлдыздарды көретін болады.

Аспаздық-шоу «7 arna» эфирінен 18 наурыздан бастап әр сенбі сайын көрермен назарына ұсынылады.

Разговор со вкусом

Разговор со вкусом

«Разговор со вкусом» аспаздық шоуының ерекшелігі сол – студия қонақтары құрамы құпия тағам түрлерін өзгеше етіп ұсынады. Ал шоу жүргізушісі, ерекше харизмаға ие Рано Омарова студия асүйінде қонақжайлық таныта отырып, оларды әңгімеге тартады.

Толығырақ