«7 арна» көктемгі маусымда қызықты тележобалар шеруін жалғастыруда

«7 арна» көктемгі маусымда қызықты тележобалар шеруін жалғастыруда

Сахнадан, теледидар мен әлеуметтік желілерден көріп, өнеріне тәнті болып жүрген талантты жандар мен шоу-бизнес өкілдерінің сахна сыртындағы өмірі қалай өрілуде? «Жұлдыз» атану, танымалдықтың тәжін тағу жолында қандай тар жол тайғақ кешулерден өтті? Бұл сұрақтардың жауабын «Жұлдызды шаңырақ» және «Қызық weekend» тележобаларында танымал тұлғалардың өз аузынан естиміз. Естіп қоймай, шаңырағында қонақта болып, емен-жарқын әңгімелесеміз. «7 арна» көктемгі маусымда өз көрерменін жұлдыздар өміріне арналған жаңа қос жобамен қуантып отыр.

«Біз барлық жастағы көрермен үшін заман талабын ескеріп, наурызда қайта жаңардық, көктемгі көңіл-күйге ендік. Танымдық жобаларға қоса, отбасы құндылығы мен өнерді бағалауды  насихаттайтын, еңбектену арқылы жетістікке жетуге үндейтін  жобаларды да көрермен назарына ұсынып отырмыз. Мысалы, демалыс күндері  эфирге шығатын «Жұлдызды шаңырақ» және «Қызық weekend» бағдарламаларында көрермен олардың өнердегі жеңісі мен жеңілістері, жеке өміріндегі қызықты сәттері мен эксклюзивті жаңалықтарының куәсі болады», – дейді арнаның бас директоры Әния Байоразова.

«7 арна» ұсынып отырған «Жұлдызды шаңырақ» және «Қызық weekend» жобаларында көрермен өзінің сүйікті өнер адамын оның жарының, туыстары мен достарының, балаларының әңгімесі арқылы жаңа қырынан тани түспек. Ал 10 жылдан астам уақыт шоу-бизнес өкілдерімен етене араласып жүрген танымал тележүргізуші Анна Данченко жұлдыздардың көпшіліктен жасырған жан сырына үңілмек.

«Бағдарламаның мақсаты – танымал адамдарды жаңа қырынан көрсету, мысалы аяулы жар, қамқор әке, абзал ана, жанашыр дос дегендей. Біз айтары бар, көрерменге қызық және жақында қоныс тойын тойлаған, отбасы құрған жұлдыздардың шаңырағына қонаққа барамыз. Көрерменге тек эксклюзив жаңалық ұсынуға тырысамыз», – дейді жоба авторы әрі жүргізушісі Анна Данченко.

Көрермен сондай-ақ «Қызық weekend» бағдарламасы арқылы жұлдыздардың демалыс күндерін қалай өткізетінін куәсі болады. Мысалы, ата-енемен бірге тұратын әншілер кімдер және олар демалыс күндерін қалай өткізеді? Таңғы асқа қандай тағам әзірлегенді ұнатады? Ал тау шаңғысымен сырғанау білмейтін әнші кім?  Қай жұлдыз биіктен қорқады? Бұл бағдарламада олар өз қорқынышымен күресіп, демалыс күндерін қаншалықты қызықты және ұмытылмас етіп өткізетінін көрсететін болады!

Жұлдыздар өмірінен сыр шертетін бағдарламаларды «7 арна» көрермендері сенбі және жексенбі күндері сағат 15.00-де тамашалай алады.

Жұлдызды шаңырақта

Жұлдызды шаңырақта

Сахнадан, теледидар мен әлеуметтік желілерден көріп, өнеріне тәнті болып жүрген талантты жандар мен шоу-бизнес өкілдерінің сахна сыртындағы өмірі қалай өрілуде? «Жұлдыз» атану, танымалдықтың тәжін тағу жолында қандай тар жол тайғақ кешулерден өтті?

Толығырақ

Қызықты weekend

Қызықты weekend

Эксклюзив жаңалықтарға толы «Қызық weekend» бағдарламасы арқылы көрермен жұлдыздардың өнердегі жеңісі мен жеңілістері туралы біліп, жеке өміріндегі қызықты сәттерінің куәсі болады.

Толығырақ