«7 арна» көктемгі маусымда қызықты тележобалар шеруін жалғастыруда
Сахнадан, теледидар мен әлеуметтік желілерден көріп, өнеріне тәнті болып жүрген талантты жандар мен шоу-бизнес өкілдерінің сахна сыртындағы өмірі қалай өрілуде? «Жұлдыз» атану, танымалдықтың тәжін тағу жолында қандай тар жол тайғақ кешулерден өтті? Бұл сұрақтардың жауабын «Жұлдызды шаңырақ» және «Қызық weekend» тележобаларында танымал тұлғалардың өз аузынан естиміз. Естіп қоймай, шаңырағында қонақта болып, емен-жарқын әңгімелесеміз. «7 арна» көктемгі маусымда өз көрерменін жұлдыздар өміріне арналған жаңа қос жобамен қуантып отыр.
«Біз барлық жастағы көрермен үшін заман талабын ескеріп, наурызда қайта жаңардық, көктемгі көңіл-күйге ендік. Танымдық жобаларға қоса, отбасы құндылығы мен өнерді бағалауды насихаттайтын, еңбектену арқылы жетістікке жетуге үндейтін жобаларды да көрермен назарына ұсынып отырмыз. Мысалы, демалыс күндері эфирге шығатын «Жұлдызды шаңырақ» және «Қызық weekend» бағдарламаларында көрермен олардың өнердегі жеңісі мен жеңілістері, жеке өміріндегі қызықты сәттері мен эксклюзивті жаңалықтарының куәсі болады», – дейді арнаның бас директоры Әния Байоразова.
«7 арна» ұсынып отырған «Жұлдызды шаңырақ» және «Қызық weekend» жобаларында көрермен өзінің сүйікті өнер адамын оның жарының, туыстары мен достарының, балаларының әңгімесі арқылы жаңа қырынан тани түспек. Ал 10 жылдан астам уақыт шоу-бизнес өкілдерімен етене араласып жүрген танымал тележүргізуші Анна Данченко жұлдыздардың көпшіліктен жасырған жан сырына үңілмек.
«Бағдарламаның мақсаты – танымал адамдарды жаңа қырынан көрсету, мысалы аяулы жар, қамқор әке, абзал ана, жанашыр дос дегендей. Біз айтары бар, көрерменге қызық және жақында қоныс тойын тойлаған, отбасы құрған жұлдыздардың шаңырағына қонаққа барамыз. Көрерменге тек эксклюзив жаңалық ұсынуға тырысамыз», – дейді жоба авторы әрі жүргізушісі Анна Данченко.
Көрермен сондай-ақ «Қызық weekend» бағдарламасы арқылы жұлдыздардың демалыс күндерін қалай өткізетінін куәсі болады. Мысалы, ата-енемен бірге тұратын әншілер кімдер және олар демалыс күндерін қалай өткізеді? Таңғы асқа қандай тағам әзірлегенді ұнатады? Ал тау шаңғысымен сырғанау білмейтін әнші кім? Қай жұлдыз биіктен қорқады? Бұл бағдарламада олар өз қорқынышымен күресіп, демалыс күндерін қаншалықты қызықты және ұмытылмас етіп өткізетінін көрсететін болады!
Жұлдыздар өмірінен сыр шертетін бағдарламаларды «7 арна» көрермендері сенбі және жексенбі күндері сағат 15.00-де тамашалай алады.

Жұлдызды шаңырақта
Сахнадан, теледидар мен әлеуметтік желілерден көріп, өнеріне тәнті болып жүрген талантты жандар мен шоу-бизнес өкілдерінің сахна сыртындағы өмірі қалай өрілуде? «Жұлдыз» атану, танымалдықтың тәжін тағу жолында қандай тар жол тайғақ кешулерден өтті?
Толығырақ
Қызықты weekend
Эксклюзив жаңалықтарға толы «Қызық weekend» бағдарламасы арқылы көрермен жұлдыздардың өнердегі жеңісі мен жеңілістері туралы біліп, жеке өміріндегі қызықты сәттерінің куәсі болады.
ТолығырақТолығырақ
Барлық шығарылымдар

ТҰСАУКЕСЕР: «Менің Алтайым» сериалы 1 шілдеден бастап «Жетінші арнада»
21 июня, 17:38

«Жетінші арнадан» сүйікті сериалыңды көріп, сыйлық ұтып ал!
30 мая, 16:10

«Жетінші арна» Қытай қазақтары жайлы жаңа телехикая көрсетеді
27 мая, 12:34

Жуырда Жетінші арнада «Ғаламат ғасыр. Хюррем» телехикаясы!
24 мая, 09:31

«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны
26 апреля, 10:00

«Түпсана және жасыл нәски» сериалы «Жетінші арна» эфирінде
19 апреля, 14:02

«Ұлттық сезім» флешмобы: «Жетінші арна» Жеті қазынаны дәріптейді
12 апреля, 18:03

Ене VS Келін: сіз кімнің жағындасыз? «Жетінші арнада» «Сен BOSSың» сериалының тұсаукесері
03 апреля, 12:47

«Жетінші арна» Наурызды жаңа форматта тойлайды
18 марта, 17:25

«Каникулы off-line. Digital detox» сериалы «Жетінші арнада»!
18 марта, 10:47

«Жетінші арна» YouTube бейнехостингінің күміс батырмасын алды
29 февраля, 15:02

«Жетінші арнаның» жаңажылдық эксклюзив шоуы
29 декабря, 12:07

Динара Сатжанмен жаңажылдық шоу «Жетінші арнада»!
21 декабря, 12:54

Жастарға жігер сыйлайтын «Үмітіңді үзбе» сериалы «Жетінші арнада»
04 декабря, 10:56

«Серпін» сериалы – жалғызбасты ананың жаңа өмірге қадамы
17 ноября, 16:28

«Жетінші арна» мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы меморандумға қол қойды
18 октября, 15:03

«Жетінші арнада» күздің ең үздік мелодрамасы – «Ағайынды»
04 октября, 16:03

«Жетінші арна» драмаға толы «ХАҚ» сериалын ұсынады
25 сентября, 15:26

«Жетінші арна» – жаңа маусымға жаңа қадаммен!
22 сентября, 10:59

Анна Данченконың жұлдызды демалыстары. 2-маусым
15 сентября, 16:07

«Айнаonline» жобасы «Жетінші арна» эфиріне қайта оралды
15 сентября, 12:38

Тұсаукесер! «Жетінші арна» жаңа маусымда «Гүл-гүл шоу» жобасын ұсынады
15 сентября, 11:03

«Қыздар-Ай» ток-шоуының 2-маусымы: жаңа жүргізуші, өзекті тақырыптар
11 сентября, 11:10

Астанада гикмәдениеті фестивалі өтеді
07 сентября, 17:00

Жасөспірімдердің ауылдағы шытырман оқиғалары туралы реалити
25 августа, 09:00

Телевизия бұл – икемділік
21 августа, 16:08

«Жетінші арна» YouTube-тің «Күміс батырмасына» ие болды
12 июля, 16:09

«7 арна» эфирінде тұсаукесер – «Battle сөз» жобасы
01 апреля, 14:02

БАҚ біз туралы: «Жетінші арнаның» бағдарламалар кестесі қызық контентке толықты
20 марта, 14:35

«7 arna» жаңа маусымда жаңа жоба – «Разговор со вкусом» шоуын ұсынады
17 марта, 18:15

«7 арна» көктемгі маусымда көрермен назарына «Қыздар-ай» атты жаңа күндізгі шоу ұсынады
16 марта, 11:46

«Жетінші арна» көрермен назарына «Реформатор» жобасын ұсынады
10 февраля, 17:49

«Жетінші арна» эфирінде жаңа жоба – «Жаңа кезең» хабары
03 февраля, 10:16

«Жетінші арна» әлеуметтік-танымдық бағытқа бет бұрады
20 января, 20:50

«Жетінші арна» эфирінде юморлық жаңа жоба – «БҰЛ ӨМІРДЕ…» скетч-шоуы
09 ноября, 17:42

Көрермен көптен күткен тұсаукесер – «Өсекшілер» сериалының екінші маусымы «Жетінші арна» эфирінде
07 ноября, 17:45

«Жетінші арнада» тұсаукесер – дәрігерлік детектив жанрындағы «Ауыл дәрігері» сериалы
22 октября, 16:51

«Жетінші арнада» жарқын премьера – «Әке мен әке» мелодрамалық телесериалы
07 октября, 12:00

Мейіржан Әлібекұлы «Жетінші арна» Бас директорының қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды
23 сентября, 11:54

Алёна Горбачёва «Жетінші арна» Бас директорының ақпарат тарату мәселесі бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды
23 сентября, 11:50

«Жетінші арнада» күздің ең үздік комедиясы – «Boss әйел»
23 сентября, 11:00

«Жетінші арнаның» бас директоры болып Әния Байоразова тағайындалды
22 июля, 10:33

«Жетінші арна» эфирінде жаңа трансформациялық реалити-шоу – «Моя игра»
13 мая, 12:26

«Жетінші арна» эфирінде жаңа интерактивті ток-шоу – «SanTaram»
18 апреля, 10:41

«Жетінші арнада» тұсаукесер: «Тойхана» сериалының екінші маусымы
06 апреля, 13:40

«Жетінші арна» эфирінде жаңа форматтағы жаңа бағдарлама – «AIBAT»
28 января, 18:13

SERJAN BRATAN енді «Жетінші арна» эфирінде
24 января, 12:14

«Жетінші арнаға» жаңа бас директор тағайындалды
22 ноября, 11:34






