Түрлі медиа құралдары арасындағы бәсекелестік күшейіп, телеарналар жаңашылдыққа бейімделуге тырысуда.
Бір ескі фильмде: «Теледидардың ғұмыры ұзақ. Газеттер де, кітаптар да, кино мен театрлар да болмайды, бірақ теледидар қалады», – делінген.
Соңғы екі онжылдықта теледидардың дәуірі аяқталды деп көп айтылады. Әлеуметтанушылардың пікірінше, жастар теледидар қарамайды, ал аға буын YouTube пен TikTok-ты көбірек қалайды. Мұндай жағдайда қазақстандық телевизия қалай дамиды? Оның болашағы бар ма?
Бейне немесе мәтін
«KANTAR» компаниясы 2022 жылы «ТВ-ны тұтыну: қазіргі жағдай және әсер ету факторлары» атты зерттеуінде әртүрлі медиа түрлерінің танымалдығы туралы есеп берді.
Қала тұрғындарының қалауы (зерттеу 100 мыңнан астам халқы бар қалаларды қамтиды) келесідей бөлінді: 71%-ы – видеоконтент (ТВ + онлайн-видео), 31%-ы – аудиоконтент (офлайн/онлайн радио + музыка) және 8%-ы баспа формасын таңдайды (офлайн/онлайн баспасөз).
Көрермен қайда?
Әрине, көрермен ғаламторда көбірек. Желіні қала тұрғындарының 80%-ы үнемі тұтынады. Ал олардың қалауы келесідей болып бөлінеді: 19%-ы онлайн-ТВ қарайды, ал 60%-ы YouTube немесе стримингтік қызметтер секілді видеосервистерді таңдаса, тек 5%-ы аудио және баспа түріндегі контентті тұтынады.
Интернет теледидарды жеңді деп айтуға бола ма? Шын мәнінде, олай емес. Себебі телеарналар да өз көрерменінің соңынан желіге қосылуда. Іс жүзінде барлық жетекші телекомпания YouTube-арналарында миллиондаған аудитория жинап жатыр. Әдетте бұл телеарна эфиріндегідей контент, бірақ оны кез келген уақытта көруге, тоқтатуға болады. Айырмашылық тек ыңғайлылықта.
Мысалы, «Жетінші арна» өзінің YouTube-арнасын белсенді дамытуда. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін «Жетінші арна» бірден бес тақырыптық аккаунт құрды. Негізгі YouTube-арнасына 3,27 млн оқырман, ал тақырыптық парақшаларына 33 мыңнан 223 мыңға дейін оқырман жазылған. Арнада тақырыптар бойынша сегменттеу көрермендердің жеке сұраныстарына бейімделуге көмектеседі деп санайды.
«Digital контентті тарату шекарасын кеңейту құралы екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан арнаның әлеуметтік желілерін белсенді түрде дамытып жатырмыз және YouTube-те отандық телеарналар арасында көшбасшы болып табыламыз. Онда біздің тұрақты көрерменіміз бар. Біз ТВ-өнімнің әр түрін бейімдейміз және ұсынатын контент қысқа форматқа ауысуда», – деп атап өтті «Жетінші арнаның» бас директоры Әния Байоразова.
Демек, хабар таратудың басқа форматтарына көшуге байланысты теледидардың дәуірі аяқталды деп айтудың қажеті жоқ. Телеарналар да жаңа форматтар мен алаңдарды игеріп, өз өнімін ұсыну үшін жаңа мүмкіндіктер алуда.
Бірақ мынадай сұрақ туындайды: көрерменге қандай контент қажет және оны телеарналар ұсына ала ма?
Телеарнаның өз өнімін мемлекеттік тілде ұсынуы – болашаққа басқан сәтті қадамы. «Жетінші арнаның» бас директоры Әния Байоразова осындай пікірде: «Біздің аудитория, былайша айтқанда, өзін-өзі сүюді үйренді. Олар осында жасалған және біз туралы тарихты, оқиғаларды көргісі келеді. Аудиторияға шетелдік отбасылар жайлы хабарлар емес, оларға біз, яғни қазақстандықтар туралы қызығырақ. Сондықтан қазақстандық телевизияның болашағы – отандық контент, оның тұрақты өндірісі, қазақстандық продакшнның дамуы. Біз жоғары деңгейдегі қазақстандық телехикаялардың, жаңа қазақстандық телесериал жұлдыздарының, шоу жұлдыздарының, халық киноқаһармандарының пайда болуын күтеміз».
Телеарнаның өнімі неғұрлым танымал болса, жарнама берушілерге ол соғұрлым қажет. Телеарналар қаншалықты көбірек ақша жинайды, телевизия сұранысының соғұрлым тағы бір жақсы көрсеткіші болмақ.
Мақаланың толық нұсқасын DKNews.kz сайтынан оқыңыз
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.