Жасөспірімдердің ауылдағы шытырман оқиғалары туралы реалити

Жасөспірімдердің ауылдағы шытырман оқиғалары туралы реалити

Масқара! Жасөспірімдерді гаджетсіз қалдырып, оларды ауылға алып кетті. Бұдан не шықты?

26 тамыздан бастап жасөспірімдер туралы «АуылDONE» жаңа реалити-шоуын «Жетінші арнадан» тамашалаңыз.

Балаңыз телефонға тәуелді ме?

Зерттеулерге сәйкес, әрбір бесінші ата-ана баласы екі-төрт жасқа толғанда оған жеке гаджет сатып алып береді екен.

Кейде ата-аналар мұны елей бермейді және цифрлық құрылғылардың кері әсерінің салдарын түсінбейді.

Бірақ бәрін түзетуге болады.

Трейлер

«АуылDONE» ұйымдастырушылары өздерінің креативті телевизиялық жобасы арқылы мұны қалай жасауға болатынын және жаңа идеялардан шабыт алуды ұсынады.  Реалити-шоу туралы толығырақ «Жетінші арнаның» бас директоры Әния Байоразова айтып берді.

Осындай экспириенсті елестетіп көріңіз. 10 қалалық жасөспірім шынайы достықтың не екенін сезінуді және табиғатта уақытты қалай пайдалы өткізуге болатынын білуге шешім қабылдайды.

Олар гаджеттер, әлеуметтік желілер мен компьютерлік ойындары бар үйреншікті ортадан шығуға шешім қабылдайды. Өзін, сондай-ақ адамдарға және айналасындағы қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгерту үшін жаз бойына ауылға кетеді. Осыны жүзеге асыра алған қатысушы бас жүлдеге ие болады. Кім жеңімпаз атанды, мұны реалити-шоуды көргеннен кейін білесіз.

Жаңа жоба 10 эпизодтан тұрады. Әрқайсында жасөспірімдер түрлі сынақтардан өтеді. Бір бағдарламаның хронометражы – 45 минут, ал хабар тарату тілі – қазақ және орыс.

Қатысушылар сынақтардан өтіп, өздерінің осал тұстарын пысықтай алады және конкурстарда қысылатын қасиеттерін еңсеруге тырысады.

Қызық әрі эмоционалды болу үшін әр эпизодта жарыстар формасы мен тапсырмалары арқылы ерекшеленеді. Мысалы, біреуі күлкілі тапсырмаларға негізделуі мүмкін, екіншісі физикалық күш, төзімділік, командалық рухты жаттықтырады, ал үшіншісі балалардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге көмектеседі. Бірақ мұның бәрі шынайы ауыл тұрмысы мен қазақ дәстүрлерінің призмасы арқылы байланысады.

Жоба өте қарапайым болғанымен бір маңызды символ бар, бұл – асық. «АуылDONE» мүшелігінің белгісі. Сынақтан сәтті өткен қатысушылар ғана асыққа ие болады. Әр қатысушының өзіне тиесілі жеке асығы болады. Асығы бар қатысушы жобада қалады. Ал жобадан кететін уақыт келгенде, асығын құлатады.

Сонымен қатар реалити-шоуда жүргізуші мен тәлімгерлер болады. Жүргізуші – дос бола білетін, мейірімді және барлығына түсіністікпен қарайтын жетекші адам.

Тәлімгерлер – ауыл өмірі мен тыныс-тіршілігін жақсы білетін адамдар. Бұл сөзсіз сүйіспеншілікті, жылулықты, қамқорлықты, сондай-ақ балаларды тәрбиелеудегі даналығын көрсете алатын апа мен беделді, күшті, тәжірибелі әрі әділ аға. Сондай-ақ әр сынақты өткізуге түрлі саладағы танымал адамдар мен беделді мамандар қосымша тартылатын болады.

Әния Байоразова атап өткендей, «АуылDONE» – жай ғана Қазақстанда жасалған тележоба емес, ол жасөспірімдерге өтпелі кезеңде өздерімен және ішкі уайымдарымен күресуге көмектесуге, олардың ата-аналарына баласымен өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастың кілтін ұсынуға, дәстүрлі құндылықтар мен ғасырлық дәстүрлер арқылы буынаралық диалог орнатуға бағытталған.

«Бұл реалити-шоу арқылы ауылдағы өмірдің тыныс-тіршілігі, оның барлық артықшылығы мен мүмкіндігін көрсетіледі. Ауыл тұрғындарының еңбегін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттап, олардың терең мағынасы еліміздің барлық аймағына таратылады», – деп түйіндеді «Жетінші арнаның» бас директоры.

26 тамыздан бастап сенбі-жексенбі күндері сағат 17:00-де «Жетінші арнадан» көріңіздер! Бағдарламаның толық нұсқасын YouTube-арнасынан да көруге болады.

АуылDONE

АуылDONE

10 қалалық жасөспірім шынайы достықтың не екенін сезінуді және табиғатта уақытты қалай пайдалы өткізуге болатынын білу үшін ауылға барады. Бастысы, қолдарында ешқандай гаджет болмайды.

Толығырақ