Астанада гикмәдениеті фестивалі өтеді

Астанада гикмәдениеті фестивалі өтеді

«Жетінші арна» Comic Con Astana 2023 фестиваліне медиасеріктес ретінде қолдау көрсетеді.

Comic Con Astana – жанкүйерлер сүйікті кейіпкерлерінің образын қайталайтын ең әсерлі шоу. Косплейшілер өзара сайысқа түсіп, қаржылай сыйақыға ие бола алады. Жүлде қоры – 10 000 000 теңге.

Шараға отандық және шетелдік жұлдыздар, блогерлер мен танымал тұлғалар қатысады. Фестивальдің хедлайнерлері – «Галактика сақшылары» фильміндегі Краглиннің рөлін сомдаған актер Шон Ганн мен Йондудың рөліндегі Майкл Рукер. Әлемдік жұлдыздар қазақстандық жанкүйерлерімен кездесіп, қолтаңба береді.

Сондай-ақ фестивальде сіздерді пайдалы мастер-кластар мен мерчандайз сататын дүкендер, авторлық жұмыстар мен керемет шоу күтіп тұр.

Фестивальдің ресми серіктестері: TikTok, Кинопоиск, т.б.

Өтетін орны: Конгресс орталығы

Уақыты: 15-17 қыркүйек