«Қыздар-Ай» ток-шоуының 2-маусымы: жаңа жүргізуші, өзекті тақырыптар

«Қыздар-Ай» ток-шоуының 2-маусымы: жаңа жүргізуші, өзекті тақырыптар

Қыз-келіншектердің сүйікті бағдарламасына айналып үлгерген «Қыздар-Ай» жобасының көрерменін жаңа маусымда жаңа жүргізуші, өзекті тақырыптар күтіп тұр.

«Қыздар-Ай» – құрбылар бас қосып сырласатын, жүрек сырын ақтаратын, ешкімге айтпаған құпиясын бөлісетін, көзіне жас алып мұңаятын, қуанып шаттанатын, қоғамда резонанс тудырған тақырыпты талқылайтын күндізгі шоу. Екінші маусымда Аша Матай мен актриса, блогер Әсел Асқар эфир тізгінін ұстайды.

Жаңа маусымда талқыға түсетін тақырыптар да сан алуан:

Жұлдыздар арасындағы жанжал;

Web-cam сайтын кәсіп көзіне айналдырған қыздар;

Чайлдфри: жас отбасылар неге бала сүйгісі келмейді?

14 жаста ана атандым;

Келініне күн көрсетпейтін қатыгез енелер, т.б.

Трейлер

Бағдарламаға сол күні қозғалатын тақырыпқа байланысты білікті мамандар сарапшы ретінде қонаққа шақырылады. Ал кейіпкерлері – үй шаруасындағы әйелдерден бастап, медиа тұлғалар, әншілер, актрисалар мен блогерлер. 

Әйелдер қауымын алаңдатқан мәселелер «Қыздар-Айдың» дөңгелек үстелінде ашық айтылып, бас кейіпкердің жүрек түкпірінде жатқан жан сырымен жалғасын табады. Ең бастысы, бұл ток-шоуда бәрі шынайы.

«Қыздар-Ай» бағдарламасының 2-маусымын дүйсенбі-жұма күндері 16:00-де «Жетінші арнадан» көріңіздер. Шығарылымдары YouTube-арнамызға жүктеледі.

Қыздар-Ай

Қыздар-Ай

«Қыздар-Ай» – құрбылар бас қосып сырласатын, жүрек сырын ақтаратын, ешкімге айтпаған құпиясын бөлісетін, көзіне жас алып мұңаятын, қуанып шаттанатын, қоғамда резонанс тудырған тақырыпты талқылайтын күндізгі шоу.

Толығырақ