Тұсаукесер! «Жетінші арна» жаңа маусымда «Гүл-гүл шоу» жобасын ұсынады

Тұсаукесер! «Жетінші арна» жаңа маусымда «Гүл-гүл шоу» жобасын ұсынады

Күзгі жаңа маусымда «Жетінші арна» жаңа бағытқа бет бұрып, әйелдер қауымына арналған контентке көбірек көңіл бөлмек. Телеарнаның тұрақты көрермені – 18-35 жас аралығындағы заманауи қазақстандық қыз-келіншектер. Нәзік жандыларға «Жетінші арнаның» дайындаған жаңа жобалары көп. Солардың бірі – «Гүл-гүл шоу».

«Гүл-гүл шоу» – еліміздің әр аймағынан келген арулар өмірдегі түрлі оқиғаны ойнақы образбен жеткізіп, қағытпа қалжыңмен қайрайтын әзіл-оспақ шоуы. Бағдарлама барысында шағын қойылымдар көрсетіледі және студияға келген әзіл-сықақ театрларының актерларымен, көрерменмен әңгіме-дүкен өрбиді.

Трейлер

Бағдарлама бес эстрадалық миниатюрадан және бір музыкалық нөмірден тұрады. Шоуды тізгіндеп, қыздарға бағыт-бағдар көрсететін жүргізуші жігіт те бар. Бағдарлама жұлдызды қонақтың әсем әнімен аяқталады.

«Гүл-гүл шоу» – көрерменді күлдіріп қана қоймай, салмақты ой тастайтын жоба. «Әйелдер әзілдей алмайды» деген қоғамдағы таптаурын ойға қыздардың жауабы. Бағдарламада өнер көрсетуші әр қыз гүлге теңелгендіктен, шоу да «Гүл-гүл шоу» деп аталады.

«Гүл-гүл шоу» бағдарламасын жұма сайын 23:30-да «Жетінші арнадан» көріңіздер.

Гүл-гүл шоу

Гүл-гүл шоу

Еліміздің әр аймағынан келген алты актриса әйелдер өміріндегі түрлі оқиғаны әзілмен жеткізіп, қағытпа қалжыңмен қайрайтын әзіл-оспақ шоуы. Бағдарлама барысында шағын қойылымдар көрсетіліп, би биленіп, ән шырқалады. Шоуды тізгіндеп, қыздарға бағыт-бағдар көрсететін жүргізуші жігіт те бар.

Толығырақ