«Жетінші арна» драмаға толы «ХАҚ» сериалын ұсынады

«Жетінші арна» драмаға толы «ХАҚ» сериалын ұсынады

«Жетінші арна» қызықты әрі мазмұнды телеөнімдерімен көрерменін қуантуды жалғастыруда. Осындай жаңа жобаның бірі – «ХАҚ» сериалы. Драмаға толы телехикая қарапайым қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігіне негізделген.

Сериалдың бас кейіпкері – кәсіпте жолы болмай, қаладан ауылға көшіп келген Аманжол. Ол отбасымен Бесбұлақ ауылына қоныс аударып, өмірін жаңадан бастауға бел буады. Аманжол сыныптасы Омармен бірлесіп кәсіп бастайды, ауыл халқын жұмыспен қамтып, олардың ризашылығын алады. Бәрі керемет дерсің, бірақ…

Трейлер

Бір бай шонжардың «Бесбұлақ» ауылына көзі түседі. Нақтырақ айтқанда, осы ауылдан шығатын минералды суды сатып, табыс көзіне айналдырғысы келеді. Сөйтіп, аудан әкімінің орынбасары Розаға бұл ауылды «болашағы жоқ» елдімекен қатарына қосып, халқын көшіруді тапсырады. Ал Роза бұл іске ауыл әкімі Сәбитті жұмылдырып, көмектессе, алдағы сайлауда оның орнын сақтап қалуға сөз береді.

Бірақ ойламаған жерден Аманжол да «ХАҚ» (Халыққа адал қызметкер) деген фонд құрып, сайлауға өз кандидатурасын ұсынады. Осылайша, «халық таңдаулылары» арасында тартыс басталады.

«Жаңа маусымда «Жетінші арна» бірқатар төл туындының тұсауын кеседі. Біздің мақсатымыз – көзі қарақты көрерменге сапалы әрі қызық контент ұсыну. Эфирге шыққалы отырған «ХАҚ» сериалы да өзінің шытырман оқиғасымен, тұщымды ойымен халықтың көңілінен шығады деген үміттемін. Телехикаяны YouTube-арнамыздан да көре аласыздар», — дейді телеарнаның Бас директоры Әния Байоразова.

Сериалдың тұсаукесері бүгін, 25 қыркүйек, сағат 21:40-та «Жетінші арнада».

ХАҚ

ХАҚ

Сериалдың бас кейіпкері – кәсіпте жолы болмай, қаладан ауылға көшіп келген Аманжол. Ол отбасымен Бесбұлақ ауылына қоныс аударып, өмірін жаңадан бастауға бел буады. Аманжол сыныптасы Омармен бірлесіп кәсіп бастайды, ауыл халқын жұмыспен қамтып, олардың ризашылығын алады. Бәрі керемет дерсің, бірақ...

Толығырақ