Жаңа маусымда тұсауы кесілетін «Ағайынды» мелодрамасына Сұлтан мен Арман есімді бауырлардың тағдыры арқау болды.
Сұлтан 18 жаста, биыл мектеп бітіреді. Ол шетелге оқуға түсіп, үлкен өмірге қадам басуды армандайды. Бос уақытында бокспен айналысады. Достарының арасында сыйлы жас жігіттің сүйіктісі де бар.
Бірақ үйде өзін жалғыз және «артық» сезінеді. Себебі ата-анасының бар көңілі дамуында ақауы бар ағасы Арманда. Сұлтан бауырының көлеңкесінде қалып, ата-ана махаббатына бөлене алмаған. Енді қалаға кетіп, қалаған өмірін сүруге асық.
Бірақ аяқасты орын алған апат оның арманының күл-талқанын шығарады. Ата-анасы қатар көз жұмып, ағасына жалғыз өзі бас-көз болып қалады. Жетімдерге жанашыр туыстар да табылмайды.
Енді Сұлтанның алдында үлкен таңдау тұр: арманынан бас тартып, ағасына қамқор болу не оны оңалту орталығына өткізіп, арқадағы жүктен арылу.
«Сериалда көтерілген тақырып ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жақсы таныс. Баласының бақытты болашағы үшін, сауығып кетуі үшін үміт үзбей тырмысып жүрген ата-ананың еңбегі қашан да құрметке лайық. Бұл телехикая отбасы құндылығы мен бауырмалдық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді дәріптейді», — дейді «Жетінші арнаның» Бас директоры Әния Байоразова.
«Ағайынды» сериалының тұсаукесерін «Жетінші арнадан» көріңіздер. Барлық бөлімі YouTube-арнамызға жүктеледі.
Жаңа маусымда тұсауы кесілетін «Ағайынды» мелодрамасына Сұлтан мен Арман есімді бауырлардың тағдыры арқау болды.Сұлтан 18 жаста, биыл мектеп бітіреді. Ол шетелге оқуға түсіп, үлкен өмірге қадам басуды армандайды. Бос уақытында бокспен айналысады. Достарының арасында сыйлы жас жігіттің сүйіктісі де бар.
Толығырақ© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.