«Серпін» сериалы – жалғызбасты ананың жаңа өмірге қадамы

«Серпін» сериалы – жалғызбасты ананың жаңа өмірге қадамы

Күйеуінің опасыздығын көрген Зере екі қызын алып Шымкентте тұратын әке-шешесіне көшіп барады. Бірақ ата-анасы оның ажырасу туралы ойын құптамайды. Жақындарынан жанашыр адам таппай, көңілі қалған Зере өмірін жаңадан бастауы үшін солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша Петропавлға көшуге шешім қабылдайды.

Туған-туысы жоқ бейтаныс ортада өз орнын тауып, балаларын қатарға қосу, әрине, жалғызбасты ана үшін оңай емес. Оның үстіне ауылдың алып-қашпа әңгімесі, өзіне тән менталитеті бар. Зере бірнеше жерде жұмыс істеп, көршілерімен тір табысып, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне үйрене бастайды. Жағдайы реттелді ме дегенде, бұрынғы күйеуі ізіне түсіп, үлкен қызын ұрлап кеткісі келеді.

Балаларының бақыты үшін жаңа мекенге қоныс аударған ананы қандай сынақтар мен тағдырдың тосынсыйы күтіп тұр? «Серпін» сериалынан көріңіздер.

Барлық бөлімі YouTube-арнамызға жүктеледі.

Серпін

Серпін

Күйеуінің опасыздығы мен ата-анасының түсінбеушілігінен көңілі қалған Зере өмірін жаңадан бастауы үшін Алматыдан Петропавлға көшіп келеді.

Толығырақ