Жастарға жігер сыйлайтын «Үмітіңді үзбе» сериалы «Жетінші арнада»

Жастарға жігер сыйлайтын «Үмітіңді үзбе» сериалы «Жетінші арнада»

«Жетінші арна» көрермен назарына ұсынатын жаңа туынды – «Үмітіңді үзбе» телехикаясы.

Сериалдың бас кейіпкері Жақсылық қаланың күйбең тіршілігінен шаршап, ауылға көшіп кетеді. Мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрып, өмірін жаңадан бастауға бел буады.

Жақсылықтың күйзелістен шығарып, өмір сүруге құлшынысын арттыратын керемет әдісі бар. Ол – баяу жүгіріс. Оның ойынша, жүгіру адамның денесін ғана шынықтырмайды, сондай-ақ «артық» ойлардан арылтып, көп мәселенің шешімін табуға көмектеседі. Жақсылықтың жүгіруге жаңа көзқарасы балаларға да ұнап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, кейбір отбасылық проблемалардың түйінін тарқатуға септігін тигізеді. Тіпті ауылдағы ең сұлу қыздың жүрегін жаулайды.

Өз өміріне ғана емес, айналасындағы жандардың да өміріне жаңа леп әкелген Жақсылықтың жетістікке жетудегі құпиясы неде? «Үмітіңді үзбе» сериалынан көріңіздер.

Барлық бөлімі YouTube-арнамызға жүктеледі.

Үмітіңді үзбе

Үмітіңді үзбе

Телехикаяның бас кейіпкері Жақсылық қаланың күйбең тіршілігінен шаршап, ауылға көшіп кетеді. Мектепке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа тұрып, өмірін жаңадан бастауға бел буады.

Толығырақ