«Жетінші арнаның» жаңажылдық эксклюзив шоуы

«Жетінші арнаның» жаңажылдық эксклюзив шоуы

«Жетінші арна» мен «Late Night Show with Dinara SATZHAN» көрерменге «Жаңа Жыл Party» атты мерекелік шоу дайындады.

Қазақстандық шоу-бизнестің ең танымал әртістері мен жұлдыздары Жаңа жыл түні телекөрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әуезді ән, ырғақты би, қызық ойын ұсынады.

Аты аңызға айналған әнші Роза Рымбаевадан бастап, жастар сүйіп тыңдайтын Мирас Жүгінісов пен Yenlik, Ұлан Ғасыр, Kalifarniya, блогер NNN, Ayree, Amre, Ниязқұл мен Айбек, т.б. жұлдыздар сахнаға сән беріп, кештің көркін аша түседі. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, айтыскер депутат Ринат Заитов, футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергенмен сүбелі сұхбат болады. Ал әлемдік жұлдыз Akon-ның шоуға келуі көрерменге күтпеген сый болары анық.

«Кеш жүргізушісі Динара Сатжанның кәсіби шеберлігі, харизмасы тележобаға ерекше көрік берді. Біз әрдайым көрерменге сапалы өнім ұсынуға тырысамыз. Жаңажылдық шоуымыздың да жарқын, көңілді әрі тосынсыйға толы болатынына сенімдімін. «Жетінші арна» қосулы болсын!», – деді арнаның бас директоры Әния Байоразова.

Шоуды тікелей эфирде және «Жетінші арнаның» ресми сайтынан онлайн көруге болады.

Жаңа Жыл Party

Жаңа Жыл Party

«Жетінші арна» мен «Late Night Show with Dinara SATZHAN» көрерменге «Жаңа Жыл Party» атты мерекелік шоуын ұсынады. Қазақстандық шоу-бизнестің ең танымал әртістері мен жұлдыздары Жаңа жыл түні телекөрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Толығырақ