«Жетінші арна» YouTube бейнехостингінің күміс батырмасын алды

«Жетінші арна» YouTube бейнехостингінің күміс батырмасын алды

«Седьмой канал | SHOW» 100 мыңнан астам оқырман жинап, Youtube бейнехостингінің күміс батырмасын алды. Қазіргі таңда каналға 114 мың адам жазылған.

Бұл – «Жетінші арнаның» төртінші батырмасы. Осыған дейін телеарнаға алтын және екі күміс батырма табысталған.

«Жетінші арна» Youtube бейнехостингінде қазақстандық телеарналардың ішінен оқырман саны бойынша көш бастап тұр. Жалпы жазылушылар саны – 3 873 000 адам.

«Біздің ұжым digital-арналарын эфирмен қатар белсенді жүргізеді. Міндетіміз – контентті көрерменге ыңғайлы форматта және қолайлы уақытта ұсыну. YouTube-көрерменге ғана емес, TikTok, Instagram, Facebook сияқты әлеуметтік желілердегі оқырманға да ыңғайлы болуына мән береміз. Статистикаға тоқталсақ, 2020 жылдан бері YouTube каналдарымыздағы орташа қаралым уақыты екі есе артты. Аудиторияның 20% Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан секілді көрші мемлекеттер құрайды», – дейді «Жетінші арнаның» Бас директоры Әния Байоразова.