Көптің көңілінен шыққан әсіресе кішкентай көрерменнің сүйікті фильміне айналған «Каникулы Off-line» туындысы «Жетінші арнадан» телехикая түрінде эфирге шықпақ.
Оқиға желісі әлеуметтік желіде көп уақыт өткізетін және әке-шешесінің шектеуін мүлдем елемейтін жасөспірімдерге негізделген. Олар телефонмен таң атырып, ойынды да виртуал әлемде ойнайды. Амалы қалмаған ата-аналар «Гаджетсіз өмір!» ұранын ту еткен «Каникулы OFF-Line» лагері туралы естіп, балаларын жібереді. Өмірін гаджетсіз елестете алмайтын оқушылар үшін лагерь нағыз сынақ алаңына айналмақ.
«Каникулы off-line. Digital detox» – отбасымен көруге тұрарлық телетуынды. Себебі күлкілі сахналарымен көңіліңді көтеріп, астарлы әзілімен ой салады. Сериалға өзекті әлеуметтік тақырып арқау етіліп, виртуал әлемнің «тұтқынына» айналған балаларды шынайы өмірде нағыз қуаныш сыйлайтын қарапайым дүниелерге назар аударуға шақырады. Көрермен қауым актерлардан өмірді әлеуметтік желісіз-ақ қызық ететін «лайфхактарды» үйреніп, телехикаядан жақсы әсер әрі сабақ алады деген ойдамын», — деді «Жетінші арнаның» Бас директоры Әния Байоразова.
«Каникулы off-line. Digital detox» – тұсаукесері «Жетінші арна» эфирінде және «Кинопоиск» интернет-платформасында қатар болатын телеарнаның алғашқы туындысы.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.