«Жетінші арна» Наурызды жаңа форматта тойлайды

«Жетінші арна» Наурызды жаңа форматта тойлайды

«Жетінші арна» түбі бір түркі халықтарының Жаңа жылын тойлауға арналған «Наурыз айы туғанда…» көктемгі мерекелік шоуын ұсынады.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен тіршілік әлемі қайта түлейтін Ұлыстың Ұлы күні жаңаша тойланбақ: мазмұны бөлек, ауқымы кең.

«Жетінші арна» мейрамды заманауи көріністе ұсынып, «Наурыз айы туғанда…» жобасы арқылы талантты жас буынның өнерін, ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп, халқымыздың бірлігі мен патриоттық рухын нығайтуды көздейді.

Наурыз – салт-дәстүрімізді жаңғыртатын мереке, осы орайда жобада ұлттық ойындарымыз бен төл мәдениетіміз дәріптеледі. Эстрада жұлдыздары Наурызнаманы жырға қосып, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлайды.

Бағдарламаның түсірілімінде де жаңа тәсіл қолданылған. Ол 360 градус форматында өтеді.

«Ұлыстың Ұлы күні Қазақстанда өмір сүріп жатқан барша ұлт пен ұлысты және түркі халықтарын бір шаңырақ астында біріктіреді. Біз арнайы жобада түркі халықтарына ортақ Жаңа жылды қазақтармен қатар қырғыз, өзбек, татар және бурят халқының қалай тойлайтынын көрсетеміз. Наурыз мейрамы ата-бабамыздың бай мұрасын жаңғыртуға, әдет-ғұрыптардың тереңіне бойлап, оларды өскелең ұрпаққа насихаттауға тамаша мүмкіндік береді», — деп атап өтті «Жетінші арнаның» Бас директоры Әния Байоразова.

Шоу қонақтары – Мәдина Сәдуақасова, Луина, Мөлдір Әуелбекова, «Дервиши» тобы, Жұбаныш Жексенұлы және т.б.

«Наурыз айы туғанда…» арнайы жобасы 22 наурыз күні эфирге шығады. Бағдарламаны «Жетінші арнаның» ресми сайтынан да көре аласыздар.

Наурыз айы туғанда...

Наурыз айы туғанда...

«Жетінші арна» түбі бір түркі халықтарының Жаңа жылын тойлауға арналған «Наурыз айы туғанда…» көктемгі мерекелік шоуын ұсынады.

Толығырақ