«Ұлттық сезім» флешмобы: «Жетінші арна» Жеті қазынаны дәріптейді
Ұлттық киім – ұлт бейнесі. Бірнеше айдан бері еліміздің әр қиырында қазақ ұлттық киімінің сән-салтанатын көрсететін «Ұлттық сезім» флешмобы өтіп жатыр. Жоба қазақтың төл мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеуге және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған.
Акция өткізу идеясын қазақстандық кәсіпкер, YPO Kazakhstan төрағасы Қанат Көпбаев ұсынған. Бұл флешмобты YPO клубына мүше компаниялар алғашқы болып қолдады. Бүгінгі таңда акцияға 20 000-нан астам қазақстандық қатысқан.
«Ұлттық сезім» флешмобына қатысудың өз талаптары бар: еңбек ұжымдары ұлттық дресс-код күнін жариялап, қазақы нақыштағы киім мен әшекей-бұйымдарды тағып, арнайы хештегтермен әлеуметтік желіге фото-видео жүктейді. Соның арқасында бұл жоба туралы көбірек адам біліп, флешмобқа қатысушы қазақстандықтар саны артады.
Бұл ауқымды бастаманы «Жетінші арна» қуана қолдап, флешмобқа екі мәрте қатысты. Мейіржан Әлібекұлы, Анна Данченко, Мирас Мұқаш, Назерке Бұрхан, Жасын Қанбаев, Арай Алдоңғар, Ұлан Қаласбай сынды арна келбеттерінің қатысуымен Жеті қазынамызды дәріптейтін ролик түсірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қадым замандардан бері қазақ халқы «жеті» санын қасиетті санап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді. Бұған дәлел Жеті жарғы, жеті ата, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғашық секілді ұғымдар.
Бейнероликте әр кейіпкер жеті қазынаның құндылығын жеке-жеке көрсетуге тырысты: ер жігіт, сұлу әйел, құмай тазы, берен мылтық, жүйрік ат, ақыл-білім және қыран бүркіт.
«Роликтің түсірілімі мен монтажы бірнеше күнге созылды және Алматы мен Астана қалаларында өтті. Түсірілім болатын жерді арнайы іздедік, декорацияға қажет реквизиттерді – ұлттық киім мен музей жәдігерлерін, тіпті бүркіт пен тазыны, жүйрік жылқыны табуға тырыстық. Кейбір видеоларды күннің аязына қарамай далада түсірдік, — деді «Жетінші арнаның» режиссері Серік Ибраим. Оның сөзінше, бейнеролик ұлттық киім-кешектерімізді дәріптеп қана қоймай, «Ұлттық сезім» жобасының негізінде жатқан қазақтың дүниетанымын, бай қазынасын көрсетеді. «Бұл – төл мәдениетімізге, ұлттық ойындарымызға және әдет-ғұрпымызға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш», — деп түйіндеді Серік Ибраим.
Флешмобтың келесі толқынына кадрдан тыс жұмыс істейтін арна қызметкерлері қатысты. Олар жұмысқа ұлттық әшекей бұйымдарды тағып, ою-өрнекпен безендірілген киімдер киіп келді. Қызметкерлердің ұлттық киімге деген қызығушылығы артып, күнделікті өмірде де киюді әдетке айналдыратындарын айтты. Бұл жолы «Асық ату», «Сақина салу», «Ләңгі тебу» сынды ұлттық ойындар мен әдет-ғұрыптар туралы ролик түсірілді.
«Ұлттық сезім» флешмобын «Жетінші арнадан» бөлек, барлық сән үйі, қолөнершілер, еліміздегі Freedom Holding Corp, Chocofamily Holding, Astana Group, Magnum Group, Jusan Mobile, Grata International, т.б. жетекші компаниялар қолдады.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып бекітілді және Наурызама онкүндігі аясында атап өтілді. Бұл ұлттық киім киюдің тағы бір тамаша себебіне айналды.
«Құндылықтарыңа деген құрмет – ұлтыңа, ғұрпыңа деген құрмет. Жеті – қазақ үшін қасиетті сан. Республикалық «Жетінші арна» да Жеті қазынамызды дәріптеп, «Ұлттық сезім» флешмобына қатысты. Халқымыздың салт-дәстүрін, бай мұрасын жаңғырту, әдет-ғұрыптардың тереңіне бойлап, оларды өскелең ұрпаққа насихаттау – біздің борышымыз. Ұлттық киімдеріміз бен әшекей бұйымдарымызды алдымен өзіміз тағып, туыстарымыз бен жақындарымызға үлгі көрсеткен жөн деп есептеймін», — деді «Жетінші арнаның» Бас директоры Әния Байоразова.
«Көп саяхаттап, басқа елдердің мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысқан соң, «Ұлттық сезім» акциясын өткізу туралы идея келді. Шетелдіктердің ұлттық киімдерін мақтанышпен киіп, тарихи мұраларын аса құрметтейтініне таңғалдым. Флешмобтың қазақстандықтар арасында шынайы қолдау тапқанына өте қуаныштымын. Біздің мақсатымыз – дәстүрді сақтап қана қоймай, халқымызды өз тарихы мен мәдениетін мақтан тұтуға шабыттандыру», — дейді жоба бастамашысы және YPO Kazakhstan төрағасы Қанат Көпбаев.
«Ұлттық сезім» флешмобы елімізді бір идея аясында біріктіріп, ұлттық киім үлгілерін замана үрдісімен ұтымды үйлестіреді.
Толығырақ
Барлық шығарылымдар

ТҰСАУКЕСЕР: «Менің Алтайым» сериалы 1 шілдеден бастап «Жетінші арнада»
21 июня, 17:38

«Жетінші арнадан» сүйікті сериалыңды көріп, сыйлық ұтып ал!
30 мая, 16:10

«Жетінші арна» Қытай қазақтары жайлы жаңа телехикая көрсетеді
27 мая, 12:34

Жуырда Жетінші арнада «Ғаламат ғасыр. Хюррем» телехикаясы!
24 мая, 09:31

«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны
26 апреля, 10:00

«Түпсана және жасыл нәски» сериалы «Жетінші арна» эфирінде
19 апреля, 14:02

Ене VS Келін: сіз кімнің жағындасыз? «Жетінші арнада» «Сен BOSSың» сериалының тұсаукесері
03 апреля, 12:47

«Жетінші арна» Наурызды жаңа форматта тойлайды
18 марта, 17:25

«Каникулы off-line. Digital detox» сериалы «Жетінші арнада»!
18 марта, 10:47

«Жетінші арна» YouTube бейнехостингінің күміс батырмасын алды
29 февраля, 15:02

«Жетінші арнаның» жаңажылдық эксклюзив шоуы
29 декабря, 12:07

Динара Сатжанмен жаңажылдық шоу «Жетінші арнада»!
21 декабря, 12:54

Жастарға жігер сыйлайтын «Үмітіңді үзбе» сериалы «Жетінші арнада»
04 декабря, 10:56

«Серпін» сериалы – жалғызбасты ананың жаңа өмірге қадамы
17 ноября, 16:28

«Жетінші арна» мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы меморандумға қол қойды
18 октября, 15:03

«Жетінші арнада» күздің ең үздік мелодрамасы – «Ағайынды»
04 октября, 16:03

«Жетінші арна» драмаға толы «ХАҚ» сериалын ұсынады
25 сентября, 15:26

«Жетінші арна» – жаңа маусымға жаңа қадаммен!
22 сентября, 10:59

Анна Данченконың жұлдызды демалыстары. 2-маусым
15 сентября, 16:07

«Айнаonline» жобасы «Жетінші арна» эфиріне қайта оралды
15 сентября, 12:38

Тұсаукесер! «Жетінші арна» жаңа маусымда «Гүл-гүл шоу» жобасын ұсынады
15 сентября, 11:03

«Қыздар-Ай» ток-шоуының 2-маусымы: жаңа жүргізуші, өзекті тақырыптар
11 сентября, 11:10

Астанада гикмәдениеті фестивалі өтеді
07 сентября, 17:00

Жасөспірімдердің ауылдағы шытырман оқиғалары туралы реалити
25 августа, 09:00

Телевизия бұл – икемділік
21 августа, 16:08

«Жетінші арна» YouTube-тің «Күміс батырмасына» ие болды
12 июля, 16:09

«7 арна» эфирінде тұсаукесер – «Battle сөз» жобасы
01 апреля, 14:02

«7 арна» көктемгі маусымда қызықты тележобалар шеруін жалғастыруда
31 марта, 16:47

БАҚ біз туралы: «Жетінші арнаның» бағдарламалар кестесі қызық контентке толықты
20 марта, 14:35

«7 arna» жаңа маусымда жаңа жоба – «Разговор со вкусом» шоуын ұсынады
17 марта, 18:15

«7 арна» көктемгі маусымда көрермен назарына «Қыздар-ай» атты жаңа күндізгі шоу ұсынады
16 марта, 11:46

«Жетінші арна» көрермен назарына «Реформатор» жобасын ұсынады
10 февраля, 17:49

«Жетінші арна» эфирінде жаңа жоба – «Жаңа кезең» хабары
03 февраля, 10:16

«Жетінші арна» әлеуметтік-танымдық бағытқа бет бұрады
20 января, 20:50

«Жетінші арна» эфирінде юморлық жаңа жоба – «БҰЛ ӨМІРДЕ…» скетч-шоуы
09 ноября, 17:42

Көрермен көптен күткен тұсаукесер – «Өсекшілер» сериалының екінші маусымы «Жетінші арна» эфирінде
07 ноября, 17:45

«Жетінші арнада» тұсаукесер – дәрігерлік детектив жанрындағы «Ауыл дәрігері» сериалы
22 октября, 16:51

«Жетінші арнада» жарқын премьера – «Әке мен әке» мелодрамалық телесериалы
07 октября, 12:00

Мейіржан Әлібекұлы «Жетінші арна» Бас директорының қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды
23 сентября, 11:54

Алёна Горбачёва «Жетінші арна» Бас директорының ақпарат тарату мәселесі бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды
23 сентября, 11:50

«Жетінші арнада» күздің ең үздік комедиясы – «Boss әйел»
23 сентября, 11:00

«Жетінші арнаның» бас директоры болып Әния Байоразова тағайындалды
22 июля, 10:33

«Жетінші арна» эфирінде жаңа трансформациялық реалити-шоу – «Моя игра»
13 мая, 12:26

«Жетінші арна» эфирінде жаңа интерактивті ток-шоу – «SanTaram»
18 апреля, 10:41

«Жетінші арнада» тұсаукесер: «Тойхана» сериалының екінші маусымы
06 апреля, 13:40

«Жетінші арна» эфирінде жаңа форматтағы жаңа бағдарлама – «AIBAT»
28 января, 18:13

SERJAN BRATAN енді «Жетінші арна» эфирінде
24 января, 12:14

«Жетінші арнаға» жаңа бас директор тағайындалды
22 ноября, 11:34





