«Түпсана және жасыл нәски» сериалы «Жетінші арна» эфирінде
«Жетінші арна» «Түпсана және жасыл нәски» телехикаясын көрермен назарына ұсынады. Бұл – күзде тұсауы кесіліп, көптің көңілінен шыққан толықметражды фильмнің сериал нұсқасы. Сатиралық трагикомедия қазақстандық қыз-келіншектердің бүгінгі тұрмыс-тіршілігін арқау етеді.
Бас кейіпкер Дариға – қарапайым қазақ отбасының келіні. Күйеуі, екі баласы, енесі мен қайын сіңлісі – бәрі бір шаңырақ астында тұрады. Тұрмыс тауқыметінен шаршаған келіннің күндері сұрықсыз: күйеуі көңіл бөлмейді, балалары тыңдамайды, енесі қатал. Ал қайын сіңлісінің тұрмысқа шыққысы жоқ.
Үйдегі кезекті жанжалдан соң Дариға танымал коуч өткізетін отбасылық тренингтің жарнамасын көріп, қатысуға шешім қабылдайды. Барлық қызық осы тренингтен кейін басталады. «Өміріңді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!» деген сөзді естіген Дариға енді әр күнінен ләззат алып, барынша бақытты болуға тырысады. Күйеуі Жасұлан да өзгеріп, отбасына көңіл бөле бастайды. Балалардың тәртібі жақсарып, тіпті енесі де кейде өзінің артық кететінін мойындайды. Үй ішінің бұлайша өзгеруіне не себеп? Ал бұған жасыл нәскидің қандай қатысы бар?
Туындыда комедия мен трагедияның аражігін ажыратар желі айқын. Көрермен сериалды тамашалау арқылы түрлі эмоцияға беріледі: қуаныш, шаттық, мұң, уайым мен қайғы. Бірақ әр бөлімін асыға күтері анық.
«Фильм мен сериал авторы әрі режиссері Санжар Омаров идеяны өмірден алған. Қазіргі таңда елімізде әртүрлі коучтар мен бизнес-тренерлердің заманы жүріп тұр. Оларға сеніп өмірін оң арнаға бұрғандар да, ауа қармап қалғандар да аз емес. Бұл туынды өмірден өз орны мен жолын іздеген жандардың тағдырына айна іспетті. Сериалдың фильмнен қандай айырмашылығы бар десеңіз, кинода біз бас кейіпкерлерге көбірек көңіл бөлеміз. Ал телехикаяда қосалқы рөлдердің – ұлы мен қызының, енесі мен қайын сіңлісінің табиғаты жан-жақты ашылады. Телехикаяда жас жұлдыздар да көптеп бой көрсеткен. Фильм «Кинопоисктің» Қазақстандағы ТОП-10 тізіміне енді. Сериал да көрерменнің ыстық ықыласына ие болады деген сенімдеміз», — деді «Түпсана және жасыл нәски» сериалы мен фильмінің бас продюсері Сәбит Рақымбаев.
«Түпсана және жасыл нәски» телехикаясының тұсаукесерін «Жетінші арнадан» көріңіздер.

Түпсана және жасыл нәски
Дариға – қарапайым қазақ отбасының келіні. Күйеуі, екі баласы, енесі мен қайын сіңлісі – бәрі бір шаңырақ астында тұрады. Тұрмыс тауқыметінен шаршаған келіннің күндері сұрықсыз: күйеуі көңіл бөлмейді, балалары тыңдамайды, енесі қатал. Ал қайын сіңлісінің тұрмысқа шыққысы жоқ.
ТолығырақТолығырақ
Барлық шығарылымдар

ТҰСАУКЕСЕР: «Менің Алтайым» сериалы 1 шілдеден бастап «Жетінші арнада»
21 июня, 17:38

«Жетінші арнадан» сүйікті сериалыңды көріп, сыйлық ұтып ал!
30 мая, 16:10

«Жетінші арна» Қытай қазақтары жайлы жаңа телехикая көрсетеді
27 мая, 12:34

Жуырда Жетінші арнада «Ғаламат ғасыр. Хюррем» телехикаясы!
24 мая, 09:31

«Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны
26 апреля, 10:00

«Ұлттық сезім» флешмобы: «Жетінші арна» Жеті қазынаны дәріптейді
12 апреля, 18:03

Ене VS Келін: сіз кімнің жағындасыз? «Жетінші арнада» «Сен BOSSың» сериалының тұсаукесері
03 апреля, 12:47

«Жетінші арна» Наурызды жаңа форматта тойлайды
18 марта, 17:25

«Каникулы off-line. Digital detox» сериалы «Жетінші арнада»!
18 марта, 10:47

«Жетінші арна» YouTube бейнехостингінің күміс батырмасын алды
29 февраля, 15:02

«Жетінші арнаның» жаңажылдық эксклюзив шоуы
29 декабря, 12:07

Динара Сатжанмен жаңажылдық шоу «Жетінші арнада»!
21 декабря, 12:54

Жастарға жігер сыйлайтын «Үмітіңді үзбе» сериалы «Жетінші арнада»
04 декабря, 10:56

«Серпін» сериалы – жалғызбасты ананың жаңа өмірге қадамы
17 ноября, 16:28

«Жетінші арна» мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы меморандумға қол қойды
18 октября, 15:03

«Жетінші арнада» күздің ең үздік мелодрамасы – «Ағайынды»
04 октября, 16:03

«Жетінші арна» драмаға толы «ХАҚ» сериалын ұсынады
25 сентября, 15:26

«Жетінші арна» – жаңа маусымға жаңа қадаммен!
22 сентября, 10:59

Анна Данченконың жұлдызды демалыстары. 2-маусым
15 сентября, 16:07

«Айнаonline» жобасы «Жетінші арна» эфиріне қайта оралды
15 сентября, 12:38

Тұсаукесер! «Жетінші арна» жаңа маусымда «Гүл-гүл шоу» жобасын ұсынады
15 сентября, 11:03

«Қыздар-Ай» ток-шоуының 2-маусымы: жаңа жүргізуші, өзекті тақырыптар
11 сентября, 11:10

Астанада гикмәдениеті фестивалі өтеді
07 сентября, 17:00

Жасөспірімдердің ауылдағы шытырман оқиғалары туралы реалити
25 августа, 09:00

Телевизия бұл – икемділік
21 августа, 16:08

«Жетінші арна» YouTube-тің «Күміс батырмасына» ие болды
12 июля, 16:09

«7 арна» эфирінде тұсаукесер – «Battle сөз» жобасы
01 апреля, 14:02

«7 арна» көктемгі маусымда қызықты тележобалар шеруін жалғастыруда
31 марта, 16:47

БАҚ біз туралы: «Жетінші арнаның» бағдарламалар кестесі қызық контентке толықты
20 марта, 14:35

«7 arna» жаңа маусымда жаңа жоба – «Разговор со вкусом» шоуын ұсынады
17 марта, 18:15

«7 арна» көктемгі маусымда көрермен назарына «Қыздар-ай» атты жаңа күндізгі шоу ұсынады
16 марта, 11:46

«Жетінші арна» көрермен назарына «Реформатор» жобасын ұсынады
10 февраля, 17:49

«Жетінші арна» эфирінде жаңа жоба – «Жаңа кезең» хабары
03 февраля, 10:16

«Жетінші арна» әлеуметтік-танымдық бағытқа бет бұрады
20 января, 20:50

«Жетінші арна» эфирінде юморлық жаңа жоба – «БҰЛ ӨМІРДЕ…» скетч-шоуы
09 ноября, 17:42

Көрермен көптен күткен тұсаукесер – «Өсекшілер» сериалының екінші маусымы «Жетінші арна» эфирінде
07 ноября, 17:45

«Жетінші арнада» тұсаукесер – дәрігерлік детектив жанрындағы «Ауыл дәрігері» сериалы
22 октября, 16:51

«Жетінші арнада» жарқын премьера – «Әке мен әке» мелодрамалық телесериалы
07 октября, 12:00

Мейіржан Әлібекұлы «Жетінші арна» Бас директорының қоғамдық-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды
23 сентября, 11:54

Алёна Горбачёва «Жетінші арна» Бас директорының ақпарат тарату мәселесі бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды
23 сентября, 11:50

«Жетінші арнада» күздің ең үздік комедиясы – «Boss әйел»
23 сентября, 11:00

«Жетінші арнаның» бас директоры болып Әния Байоразова тағайындалды
22 июля, 10:33

«Жетінші арна» эфирінде жаңа трансформациялық реалити-шоу – «Моя игра»
13 мая, 12:26

«Жетінші арна» эфирінде жаңа интерактивті ток-шоу – «SanTaram»
18 апреля, 10:41

«Жетінші арнада» тұсаукесер: «Тойхана» сериалының екінші маусымы
06 апреля, 13:40

«Жетінші арна» эфирінде жаңа форматтағы жаңа бағдарлама – «AIBAT»
28 января, 18:13

SERJAN BRATAN енді «Жетінші арна» эфирінде
24 января, 12:14

«Жетінші арнаға» жаңа бас директор тағайындалды
22 ноября, 11:34





