«Жетінші арнадан» сүйікті сериалыңды көріп, сыйлық ұтып ал!

«Жетінші арнадан» сүйікті сериалыңды көріп, сыйлық ұтып ал!

«Жетінші арна» 3 маусым сағат 20:00-де «Ғаламат ғасыр. Хюррем» телехикаясын ұсынады. Көрермен Халит Эргенч, Мәриям Үзерлі, Бурак Өзчивит секілді Түркияның танымал актерлерінің жарқын ойынын тамашалап, Осман билігі кезіндегі сұлтан сарайының сырлы әлеміне енеді.

Осы орайда «Жетінші арна» Сүлеймен мен Хюрремнің махаббатына куә көрермен арасында ұтыс ұйымдастырады. 3 маусымнан бастап бір ай бойы телеарнаның әлеуметтік желілерінде бағалы сыйлықтар ойнатылады: SAMSUNG-тан смартфондар мен құлаққаптар, смартсағаттар, MEGOGO онлайн-кинотеатрына біржылдық жазылым және «Жетінші арна» мерчтері.

Ұтысқа ие болу үшін түрік телехикаясының серияларын «Жетінші арнадан» жіті бақылып, жасырылған жұмбақтың дұрыс жауабын Instagram-парақшаға жазу керек. Конкурстың шарттары арнаның әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Күн сайын әртүрлі ынталандыру сыйлықтары ойнатылып, апта соңында SAMSUNG-тың басты сыйлығы өз иесін табады.

Ұтысқа қатысты жаңалықтарды телеарнаның Instagram-парақшасынан біле аласыздар.