«Жетінші арнаға» жаңа бас директор тағайындалды

«Жетінші арнаға» жаңа бас директор тағайындалды

«Жетінші арнаны» енді Сергей Майбороданың орнына Ерлан Игісінов басқарады.

Ерлан Игісінов «Жетінші арна» ақпараттық – ойын-сауық форматындағы жұмысын жалғастыратынын, хабар таратудың digital-кеңістікке конвергенциясы арқылы аудиторияны кеңейту, ақпараттық қызметке басымдық беру, сондай-ақ өз өнімі мен интерактивті контентін арттыру, телеарнаны жаңғырту жұмыстарының жоспарда бар екенін жеткізді.

«Бүгінде «Жетінші арнада» кәсіби мамандардан құралған мықты команда жасақталған, телеарнаның өзінің тұрақты  аудиториясы бар. Біздің міндетіміз – сол аудиторияны сақтап қалу және кеңейту. Жаңа жылда ең маңызды және қоғамда кеңінен талқыланған мәселелерден хабардар ететін конвергентті форматтағы жаңалықтар қызметін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ өз өндірісімізге баса назар аударатын боламыз», — деді Ерлан Игісінов.

«Жетінші арнаның» жаңа бас директоры айтып өткендей, телеарнаның интернеттегі контентін арттырып, көрерменге арнаның хабар тарату кестесін құруға қатысуына мүмкіндік берілмек.

Ерлан Игісінов – медиа саласында тәжірибесі мол журналист. Әр жылдары тележүргізуші, редактор, тәулік бойы хабар тарататын «24KZ» арнасында шеф-редактор, «Хабар» арнасының директоры болып қызмет етті. Бүгінге дейін  Aitu-Dala компаниясының контент-директоры қызметін атқарып келді.