Қазақстандық сериал YouTube-те 199 миллионнан астам қаралым жинады

Қазақстандық сериал YouTube-те 199 миллионнан астам қаралым жинады

«Жетінші арнадан» көрсетілген «Зың-зың Күлпәш» телехикаясының үшінші маусымы YouTube желісі арқылы 199,6 миллионнан астам рет қаралған.

«Зың-зың Күлпәш» комедиялық сериалының әр сериясы 1,5-тен 7,3 миллионға дейін қаралым жинап,  YouTub желісінде трендтен түспеді және «Жетінші арнаның» ең танымал жобаларының біріне айналды. 

Көрермендер үш маусым бойы автордың қиялынан туындаған сөзге шебер, пысық келін Күлпәштің және ынтымағы жарасқан ауылдың ақкөңіл тұрғындарының басынан өткерген хикаяларын қызығушылықпен тамашалады. «Зың-зың Күлпәш» сериалы – берекелі ауыл, туысқандай араласатын көршілер, отбасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ене мен келіннің қарым-қатынасы шынайы суреттелген мейірімге толы комедия. Басты рөлді «Шымкент-шоу» театрының актері Берік Тұрсынбеков сомдады.

Сериядан кадр

Бүгінде көрермендер «Жетінші арнаның» ресми сайтынан, сондай-ақ Aitube және  YouTube желісінен комедиялық сериалдың үш маусымын толық тамашалай алады.

«Жетінші арнаның» Youtube арнасына жазылушылар саны 2,7 миллионға жетіп, осы сегментте хабар тарататын қазақстандық телеарналардың арасында ең үлкен аудиторияны құрады. 2021 жылы ғана YouTube-тағы «Жетінші арнаның» контенті 346,4 миллионнан астам рет қаралды.

Зың-зың Күлпәш | Зын Зын Кулпаш

Зың-зың Күлпәш | Зын Зын Кулпаш

«Зың-зың Күлпәш» – ынтымағы жарасқан ауылдың ақкөңіл тұрғындары туралы сериал. Әдемі әзілмен көмкерілген сериалдың әр бөлімінде пысық келін Күлпәш пен оның айналасындағылардың басынан кешкен хикаялары баяндалады.

Толығырақ