SERJAN BRATAN енді «Жетінші арна» эфирінде

SERJAN BRATAN енді «Жетінші арна» эфирінде

Salem social media компаниясының танымал веб-сериалы енді “Жетінші арна” эфирінен көрсетіледі. 90-жылдардағы беделді рэкетир туралы шытырманға толы хикаяны республикалық телеарнаның көрермендері тамашалай алады.

SERJAN BRATAN – веб-сериалы жалпы саны 72 миллион қаралым жинап, Salem social media командасының үздік сериалына айналған. Сериалдың арқасында «ПАЦАНСКИЕ ИСТОРИИ» Youtube-арнасы Алтын түйме алды.

Salem social media бас продюсері Қуат Садықов айтуы бойынша, SERJAN BRATAN сериалында жұмыс істеген команданың дұрыс бағытталған еңбегіне орай компания дамуының жаңа кезеңін бастап, миллиондаған фанаттардың махаббатын жаулап алды:

«Salem үшін SERJAN BRATAN өте маңызды, біздің орыстілді көрерменге әзіл мен шындыққа толы контент ұсынуымыздың бастауында осы жоба тұр. Жоба интернетте нағыз хитке айналды, енді телекөрермен арасынан өз жанкүйерлерімізді таба аламыз деп сенеміз».

SERJAN BRATAN – 90-жылдары комаға түсіп қалған рэкетирдің оқиғасын негізге алған. 23 жыл өткен соң оянған Сержан жаңа әлемде өмір сүруге тырысады. 1-серияның өзін қазіргі 8 000 000 адам көрген. Басты рөлдерді Дулыға Ақмолда, Бейнұр Баймұхамбетов, Гүлмира Жакилина, Жанель Серғазина және Ербол Әлмұқанов сомдап шықты.

SERJAN BRATAN «Жетінші арна» эфирінде шығатын Salem social media ұсынған үшінші сериал. Salem social media мен «Жетінші арна» 2020 жылы бірге өндірген «Тақиясыз Періште» сериалының үшінші маусымы алғашқылардың бірі болып көрсетілген. 2022 жылғы 11 қаңтарда «Сәке» веб-сериалының алғашқы маусымының тұсаукесері өтті.

«Жетінші арна» бас продюсері Сәбит Рахымбаев жаңа маусымдағы релиздерге телекөрерменнің пікірі қандай болғанын айтып берді:

«Salem social media ұсынған веб-сериалдардың интернет-аудиториюсы өте кең екенін білеміз, сондықтан телеэфир жайында күманданған жоқпыз. Бірақ нәтиже біз күткеннен де жоғары болды. Ендігі кезекте SERJAN BRATAN, мұндай мейірімді, әлеуметтік, сапалы контент digital-кеңістікте ғана емес ТВда да сұранысқа ие болады деп сенеміз. Соңғы жылдары жарық көрген сапалы отандық жобалар екі тәуелсіз алаңның дамуына үлес қосады».

SERJAN BRATAN тұсаукесері 24 қаңтар, сағат 21:21-да «Жетінші арна» эфирінде. Қапы қалмаңыздар, Сержан братан қайта қауышқысы келеді!