14 мамырда «Жетінші арна» эфирінде Қазақстандағы алғашқы трансформациялық реалити-шоу «Моя игра» басталады. Өміріне өзгеріс енгізуге бел буған бес кейіпкердің трансформациясына көрермен куә болады.
Жобаның креативті продюсері – «Холостяк» және «Замуж за Бузову» жобаларының экс-продюсері Армен Оганян.
Жоба барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған жандар бірнеше ай бойы тығырықтан шығар жол іздеп, бойын билеген үреймен күресіп, батыл шешімдер қабылдауға тырысады. Бұл ретте оларға кәсіби мамандар – танымал бизнесмендер мен психологтар көмектеседі.
«Бұл қилы тағдыр тәлкегін басынан өткерген жандар мен солардың мәселелерін шешуге бағытталған реалити-шоу. Көрермен тұтас бір фильмнің немесе шығарманың сюжетіне арқау боларлықтай шынайы өмірден алынған хикаяларға куә болады. Біз харизмасы мықты, мінезі ашық, тағдыры әр қилы бес кейіпкерді таңдап алдық. Олар жүрек түкпіріндегі жан жарасы мен басындағы проблемасын көпшілікке жария етуде батыл қадамға барып отыр», — дейді «Моя игра» жобасының авторы Әйгерім Ақсақалова.
Қатысушылардың алдына қойған мақсаттары да әртүрлі: өмірден өз орнын табу, жүрек қалауын анықтау, пәтер сатып алу, құмар ойындарға тәуелділіктен арылу, жеке кәсібін ашу және т.б.
«Кейіпкерлердің өзгеру кезеңдерінің өзі өте қызықты және шынайы. Егер түсірілім аяқталғаннан кейін бес қатысушының кем дегенде біреуі алған бағытынан қайтпай және жобада бастаған өзімен жұмыс істеуін жалғастырса, жобаның нәтижелі болғаны», — дейді Армен Оганян.
Әр апта сайын жобаға қатысушылар тәлімгерлермен, жаттықтырушылармен және психологтармен жұмыс істеп, тапсырмаларды орындап, «жайлы аймақтан» шығып, өмір салты мен ойын түбегейлі өзгертеді. Жоба авторының айтуынша, әр кейіпкер үшін тәлімгерлер арнайы таңдалып алынған.
Жоба тәлімгерлері қатарында – Ларион Лян, Валентина Дурумбетова, Игорь Ким және т.б. бар. Олар жоба барысында өз тәжірибесін және білімін бөлісіп, кейіпкерлердің өзгеруіне, нақты нәтижеге қол жеткізуіне көмектеседі.
«Моя игра» жобасының тәлімгері Ларион Лянның айтуынша, қатысушылардың басындағы проблемалар көпшілікке таныс.
«Бұл жобада көрермен кейіпкерлер кезіккен қиындықтар мен мәселелерді анықтау, талдау, шешу жолдарын да куә болады. Жеке мен үшін «Моя игра» реалити-шоуы өз тәжірибемді кейіпкерлермен ғана емес, көрермендермен де бөлісу мүмкіндігіне айналды», — дейді Ларион Лян.
Кейіпкерлер қалай өзгерді, оларға қандай сынақтардан өтуге тура келді және нәтиже шығара алды ма? 14 мамырдан бастап әр сенбі сайын сағат 15:00-де «Жетінші арнадан» тамашалаңыз!
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.