«Жетінші арнаның» бас директоры болып Әния Байоразова тағайындалды

«Жетінші арнаның» бас директоры болып Әния Байоразова тағайындалды

Байоразова Әния 2009 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған.

БАҚ және телевизия өндірісі саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман. Еңбек жолын университет қабырғасында жүргенде «31 арнадан» бастаған. Ақпараттық – ойын-сауық жобаларының жүргізушісі, сценарист әрі редакторы болды.

2010-2020 жылдар аралығында жаңалықтар қызметінде тілші, «Хабар» телеарнасында диктор, «Еларна» және «Алматы» телеарналарында түрлі тележобалардың жүргізушісі болып жұмыс істеді.

 «Jas Otan» төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.  «Biz Birgemiz» халықтық іс-шарасын сәтті ұйымдастырып, PR жұмыстарын жүргізді.

2020 жылдан ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ-де жұмыс істей жүріп, өзінің шығармашылық қызметін отандық телеарналарда жалғастырды.

Қазір Almaty Management University-де MBA дәрежесін алуда. Үш тілде еркін сөйлейді. Екі бала тәрбиелеп отыр.