Мейіржан Әлібекұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Журналистика» факультетін тәмамдаған.
БАҚ саласында 17 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі медиаменеджер. Еңбек жолын 2005 жылы «Атырау» облыстық телеарнасының «Жаңалықтар» бағдарламасында редактор-жүргізуші ретінде бастаған. 2009 жылдан бері республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Телеарна дауысы, шеф-редактор, ҚР Президентінің журналистік пул тілшісі болды. «Aптa.kz» саяси-сараптамалық бағдарламасында редактор-жүргізуші, АСБД директорының саяси және аналитикалық бағдарламалар өндірісі бойынша орынбасары, халықаралық «Білім-инновация» қоғамдық қоры Президентінің PR кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2019 жылдан бүгінге дейін «JAMBYL» телерадиоарнасының директоры лауазымында болды.
Марапаттары: ҚР Президентінің БАҚ саласындағы грант иегері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, «Халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің жеңімпазы.
Отбасылы. 2 ұл, 2 қызы бар.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.