Алёна Горбачёва «Жетінші арна» Бас директорының ақпарат тарату мәселесі бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды

Алёна Горбачёва «Жетінші арна» Бас директорының ақпарат тарату мәселесі бойынша орынбасары қызметіне тағайындалды

Алёна Горбачёва – тәжірбиелі медиаменеджер, БАҚ саласында 16 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қызмет жолын 2007 жылы «Астана» арнасында халықаралық бөлімнің редакторы болып бастады. Әр жылдары «ОРТ Евразия» арнасының бас редакторы, «Хабар» агенттігінің шығарушы редакторы, Бағдарламалар бөлімінің директоры болды.

2019 – 2022 жылдар аралығында Алёна Горбачёва «Хабар 24» ақпарат арнасының директоры лауазымын атқарды. Дәл осы кезеңде телеарна көрерменге әлемдік пандемияға қатысты тексерілген, шынайы ақпарат жеткізіп, ел мен әлем жаңалықтарын, оның ішінде қаңтар оқиғасын жүйелі баяндап, республикадағы ең беделді ақпарат ресурстарының біріне айналды. Көрермен аудиториясы +1 380 процентке өсті.

Алёна Горбачёва АҚШ-тағы Джорджия университетінің «Мультимедиа журналистика» бөлімін тәмамдаған.  «Халықаралық қатынастар» бағдарламасы бойынша академиялық дәрежесі бар. Ағылшын және испан тілдерінде еркін сөйлейді.