Ақтөбеліктер пәтердің суықтығына соңғы кездері жиі шағымданады. Тіпті мектептер мен ауруханалар да азынап тұр. Қала іргесіндегі елді мекендер мен саяжайдағылар көгілдір отынның қысымы төмендеп кеткенін айтады. Қайта-қайта шағым түсе берген соң аймақ басшысы перзентханаға барып, науқастардың суық бөлмелерде ем қабылдап жатқанына куә болды. Бас дәрігерге жағдайды реттеуге 3 күн уақыт берді. Бірақ ақ халатты басшының аурухананы қалай жылытатыны белгісіз. Жылуға жауапты мекеме басшысы мәселенің туындауына бұқараның өзі кінәлі деді. Көбі терезесін қымтамаған деп отыр.
09 Желтоқсан, 20:21
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.